Спорт

Астаналық балуан Ризабек Айтмұхан «Жыл серпілісі» номинациясына ие болды

Бүгін елордамызда ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы 2024 жылдың қорытындысы бойынша үздіктерді марапаттады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Астаналық балуан, еркін күрестен тұңғыш Әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан 2024 жылды өте жемісті өткізді. Алдымен көктемде Бішкекте (Қырғызстан) өткен Азия чемпионатында күміс жүлде иеленсе, күзде 20 жасқа дейінгі және 23 жасқа дейінгі Әлем чемпионатында топ жарды. Осы жетістіктерін ескере отырып, ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы Ризабек Айтмұханды «Жыл серпілісі» номинациясына лайық деп тапты.

  • «Жыл спортшысы» - Демеу Жадыраев (Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері )
  • «Үздік бапкер» - Қонысбек Түкенов (U-20 аға бапкері)
  • «Үздік төреші»  - Ксения Дробина (халықаралық дәрежедегі төреші)
  • «Үздік аймақтық федерация» - Жамбыл облысы 

Сонымен қатар осы жылы медаль алған 64 жүлдегер ақшалай сыйақы алды. Олардың арасында Тиранада өткен Олимпиадалық емес салмақ бойынша Әлем чемпионатында 72 келіде күміс жүлдегер атанған Жәмила Бақбергенова да бар. 

Одан бөлек, Демеу Жадыраев, Нұрғожа Қайпанов пен Ислам Евловевқа пәтер кілттері табысталды.