Астанадағы теннистен ел чемпионатының алғашқы финалисі анықталды
Астанадағы ұлттық теннис орталығы Beeline Arena-да ересектер арасындағы жазғы Қазақстан чемпионатының алғашқы финалисі анықталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
ITF Juniors рейтингінде әлемнің 23 сатысында тұрған Әмір Омарханов ел біріншілігінің жартылай финалында тартысты ойында Ислам Орынбасарды 6:2, 4:6, 6:3 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.
Айта кетейік, Ислам Орынбасар – АҚШ-тың Алабама штатындағы William Carey University колледжінің студенті. Ол бұл оқу орнында екі жыл қатарынан үздік теннисші атанған.
Финалда Әмір Григорий Ломакин мен Тимур Мәуленов арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.