Спорт

Астанада VI ұлттық спорт фестивалінің ашылу салтанаты өтті

Астана  Ұлттық спорт түрлерінен VI фестивалдің ашылу салтанаты өтті деп, хабарлады Elorda.info

Елорда іргесіндегі «Қазанат» атшабарында басталған додаға еліміздің барлық өңірінен 11 спорт түрі бойынша 1 362 спортшы қатысып жатыр. 

74722d59-dca6-40c1-898f-e801d0cab439.jpg

Іс-шараның ашылуына  Парламент Мәжілісінің спикері, AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошанов сөз сөйлеп ашты. 

04f09031-3c51-4e0f-b5d6-a6e46e4e38bb.jpg

Ұлттық спорт фестивалі 2003 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. 

Төрт жылда бір өтетін ұлттық спорт додасында өңірлер асық ату, аударыспақ, бәйге, дәстүрлі садақ ату, жамбы ату, жекпе-жек, көкпар, қазақ күресі, құсбегілік, теңге ілу, тоғызқұмалақ сынды спорт түрлері бойынша бақ сынайды. 

Фестивальді 4-10 қыркүйек күндері мына мекенжайларда тамашалауға болады:

Қазақ күресі – Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы, асық ату мен тоғызқұмалақ – «Qazaqstan» ЖАСК, жекпе-жек – «Аспан» спорт кешені. Ал көкпар, бәйге, теңге ілу, жамбы ату, аударыспақ, дәстүрлі садақ ату, құсбегілік спорттары «Қазанат» ипподромында өтеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальдің бағдарламасына биыл «дәстүрлі садақ ату» (жерде тұрып садақ ату) спорты тұңғыш рет қосылып отыр. Сонымен қатар, көкпардағы жекпе-жек аттардың жеке жарысы көрсетілім ретінде енеді.

Фестиваль қорытындысы бойынша, ұлттық спортты жоғары деңгейде дамытып отырған өңірлердің үздік үштігі анықталады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ұлттық спорт фестивалі 2019 жылы Ақтөбе қаласында өткен болатын.

-->

Төл мәдениетімізді дәріптеп, ұлттық спортты дамыту Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың әрдайым ерекше назарында. Оның ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы туралы Президентіміз жақында Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда айтқан еді. Ұлттық спорт түрлері – бұл біздің тарихымыздың және қазақ халқының өзіндік ерекшелігінің айнасы. Оны дамыта отырып, рухани мұрамызды болашақ ұрпақтың игілі үшін сақтап қаламыз, – деді Мәжіліс төрағасы.