Спорт

Астанада тректегі велоспорттан рейтингтік турнир өтеді

29-31 қазан аралығында Астанада тректегі велоспорттан Халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) ресми күнтізбесіне енген Astana Open Series I & II (CL2) халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жарысқа Қазақстанның мықты велотрекшілерімен қатар, шетелдік спортшылар да қатысады.

Турнир ерлер және әйелдер арасында жекелей және командалық сайыс бойынша өтеді.

Айта кетейік, атлеттер әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындарына іріктелу үшін қажет UCI рейтингтік ұпайларын сарапқа салады.