Астанада өтетін Grand Slam турниріне қатысатын спортшылар анықталды
Астанада өтетін Grand Slam әлемдік турниріне қатысатын қазақстандық дзюдошылардың есімдері белгілі болды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Турнир 9-11 мамыр аралығында өтеді. Қазіргі уақытта жарысқа қатысатын құрам толық бекітілді.
Айта кетейік, 2024 жылғы Олимпиадада қола жүлде жеңіп алған Ғұсман Қырғызбаев біршама уақыттан кейін халықаралық аренаға қайта оралады.
Ерлер:
- 60 келі: Мағжан Шамшадин, Аман Бақытжан, Дәурен Суюкенов, Талғат Орынбасар;
- 66 келі: Ғұсман Қырғызбаев, Ердәулет Бозша, Бауыржан Нарбаев, Мирас Жонысов;
- 73 келі: Саясат Сейітқалиев, Қуан Барыс, Бақытжан Әбдурахманов, Есет Қуанов;
- 81 келі: Абылайхан Жұбаназар, Жалғас Қайролла, Айғали Қалдыбек, Азат Күмісбай;
- 90 келі: Аян Байғазы, Құдырет Досымов, Айдар Арапов;
- 100 келі: Марат Байқамұров, Бейбіт Мадеев, Бақжан Байтас;
+ 100 келі: Еламан Ерғалиев, Ерасыл Қажыбаев, Мәди Еділбаев, Жамбыл Тұрғыналиев.
Әйелдер:
- 48 келі: Диана Буркеева;
- 52 келі: Құндыз Жылқытай, Айшабибі Мұрадимова;
- 57 келі: Дина Мұханбет, Дана Әбдірова;
- 63 келі: Асылжан Орынбасарова;
- 70 келі: Аруна Жангелдина, Кристина Сотникова, Диана Телбаева, Анастасия Морозова;
- 78 келі: Нәзерке Тілеуханова, Замзагүл Файзолланова;
+ 78 келі: Ақерке Рамазанова, Толқын Тұрсынақынова.
Аталмыш жарысқа әлемнің 48 елінен 400-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Турнир Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді. Кіру тегін.