Астанада таэквондодан халықаралық турнир өтеді
Астанада таэквондодан Kazakhstan Open G-1 ірі халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл спорттық шара Дүниежүзілік таэквондо федерациясының (World Taekwondo) ресми күнтізбесіне енгізілген және биылғы 14-16 тамыз аралығында өтеді.
Үш күн бойы даянгта әлемнің түкпір-түкпірінен келген ең үздік кадеттер, жасөспірімдер мен ересек спортшылар бақ сынайды.
Турнир Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтеді.