Астанада тұңғыш рет боччадан Қазақстан кубогы өтіп жатыр
Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт сарайында боччадан Қазақстан кубогы өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda info.
Үш күнге жалғасатын жарысқа тірек-қимыл аппаратында ақауы бар спортшылар қатысуда. Ал турнирдің ашылу салтанатына федерация президенті, Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев қатысып, аталған спорттың дамуына еліміз ерекше ден қойғанын алға тартты.
Әшімбаев бұл іс-шара ел тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылып жатқанына тоқталды.
Бұл жарысқа еліміздің он өңірінен 64 спортшы қатысуда. Қатысушылар арасында ұлттық құрамада өнер көрсететін тәжірибелі боччашылар да, бұл спорттағы қадамын жақында ғана бастаған спортшылар да бар. Боччаның елімізде дами бастағанына көп уақыт өткен жоқ. Сөйте тұра өткен жылы біраз жетістікке жеттік. Ал биыл федерациямыз халықаралық федерация мүшесі атанды. Сонымен қатар осы жылы спортшыларымыз алғаш рет халықаралық сайыстарға қатысты. Оның ішінде Азия пара ойындарында бақ сынап, Қазақстан құрамасы командалық есепте 8-орынға жайғасты. Бірнеше жылдық қана тарихи бар федерациямыз бен спортшыларымыз үшін бұл үлкен жетістік деп айта аламын, - деді Әшімбаев.
Айта кетерлігі, бочча – негізінен доп ойыны. Яғни тірек-қозғалыс аппаратының ең ауыр бұзылыстары бар балалар мен ересектерге өзін-өзі жетілдіруге мүмкіндік беретін бірнеше паралимпиадалық спорт түрлерінің бірі. Елімізде бочча федерациясы 2021 жылы мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар мен «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қоры жаттықтырушыларының бастамасымен құрылған.
Қанат Байұзақов
-->Үш күнге жалғасатын жарысқа тірек-қимыл аппаратында ақауы бар спортшылар қатысуда. Ал турнирдің ашылу салтанатына федерация президенті, Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев қатысып, аталған спорттың дамуына еліміз ерекше ден қойғанын алға тартты.