Спорт

Астанада спорт ардагерлерінің бірінші республикалық форумы өтеді

Қазақстанда тұңғыш рет ҚР Спорт ардагерлері Одағының құрылуына орай және Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен Спорт ардагерлерінің Бірінші республикалық форумы ұйымдастырылады, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Іс-шара Қазақстан Республикасы Спорт күніне арналған.

Форум аясында ардагерлер арасында спорттың төрт түрінен жарыстар өтеді:

- бильярд;

- асық ату;

- үстел теннисі;

- шахмат.

Айта кетейік, 15 тамыз күні сағат 12:00-де Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде (Астана қ., Тұран даңғылы, 59, мәжіліс залы) баспасөз мәслихаты өтеді. Оған даңқты спортшылар, танымал спорт ардагерлері және ұйымдастырушылар қатысады.