Астанада «Сенің Олимпиадалық оқулығың» атты жинақтың тұсаукесері өтті
Бүгін Астанадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Сенің Олимпиадалық оқулығың» атты оқу-әдістемелік құралының тұсаукесері өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Кітап авторлары – ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті, философия ғылымдарының докторы Тастанбек Есентаев, профессор, педагогика ғылымдарының докторы, Халықаралық олимпиада комитетінің мүшесі Мария Болатова мен ҚР құрметті спорт қайраткері, доцент Бақытжан Есжанов.
Аталмыш жиынға Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек пен елімізге танымал спорт саңлақтары, қоғам қайраткерлері мен ғалымдар қатысты.
Ал рухани кешті белгілі журналист, Altyn Qyran Foundation қайырымдылық қорының бас директоры Ринат Кертаев жүргізіп, кітап авторларына Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановтың арнайы құттықтауын жеткізді.
Жиында сөз алған Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек аталған жинақтың маңыздылығына тоқталды.
Кітап авторларының бірі әрі идея авторы Тастанбек Есентаевтың сөзінше, еліміздегі оқу орындарында жастарға Олимпиада ойындары жайында тиісті мағлұмат беретін бірде-бір дереккөз жоқтығынан осындай жинақты басып шығаруды қолға алған.
Оқу-әдістемелік құралда негізінен сонау Олимпиада тарихынан бастап Тәуелсіз Қазақстанның Олимп ойындарындағы жетістіктері жазылған. Кітап авторлары Олимпиада жайында қызықты деректер мен қызықты сұрақтарды да қамтыған.
Жинақтың тұсаукесер кешіне келген құрметті қонақтар жарыққа шыққан кітаптың спорт пен ғылым саласында үлкен мәнге ие екендігін жеткізіп, алдағы уақытта өскелең ұрпақты тәрбиелеу жолында осындай еңбектерді қолға алу керектігін айтып тарқасты.
-->Кітап авторлары – ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті, философия ғылымдарының докторы Тастанбек Есентаев, профессор, педагогика ғылымдарының докторы, Халықаралық олимпиада комитетінің мүшесі Мария Болатова мен ҚР құрметті спорт қайраткері, доцент Бақытжан Есжанов.
Аталмыш жиынға Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек пен елімізге танымал спорт саңлақтары, қоғам қайраткерлері мен ғалымдар қатысты.
Ал рухани кешті белгілі журналист, Altyn Qyran Foundation қайырымдылық қорының бас директоры Ринат Кертаев жүргізіп, кітап авторларына Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановтың арнайы құттықтауын жеткізді.
Жиында сөз алған Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек аталған жинақтың маңыздылығына тоқталды.
Еліміз 1996 жылдан бері жеке дара мемлекет ретінде Олимпиадаға қатысып келеді. Әр Олимпиадада көк туымыз желбіреп, спортшыларымыз жүлдегерлер қатарынан ойып орын алады.
Жастарды тәрбиелеуде, дені сау өскелең ұрпақ қалыптастыруда Олимпиада ойындарының мәні мен маңыздылығы жоғары. Ал енді сол Олимпиада тұғырына ұмтылатын ұрпақты тәрбиелеу үшін біз оның тарихын да жете білуіміз керек. Осы тұрғыда бүгінгі тұсауы кесілген «Сенің Олимпиадалық оқулығың» атты жинағының алар орны ерекше, - деді Сәрсен Абайұлы.
Кітап авторларының бірі әрі идея авторы Тастанбек Есентаевтың сөзінше, еліміздегі оқу орындарында жастарға Олимпиада ойындары жайында тиісті мағлұмат беретін бірде-бір дереккөз жоқтығынан осындай жинақты басып шығаруды қолға алған.
Бұл оқу құралын жазу идеясы маған «Қазақстан Республикасы Дене шынықтыру ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры қызметін атқарып жүргенімде келді.
Себебі, біздегі оқу орындарында Олимпиада ойындарының тарихы мен оның танымалдылығы тиісті деңгейде емес. Одан бөлек, оқу орындарында еліміздің жазғы және қысқы Олимпиадада жеткен жетістіктері жайында мағлұмат беретін бірде-бір бұрыш жоқ. Демек, өскелең ұрпақ ел мақтаныштарын, Отанымыздың патриоттарын дұрыс білмейді деген пайымға келдім, - деді салтанатты кеште сөз алған Тастанбек Құтжанұлы.
Оқу-әдістемелік құралда негізінен сонау Олимпиада тарихынан бастап Тәуелсіз Қазақстанның Олимп ойындарындағы жетістіктері жазылған. Кітап авторлары Олимпиада жайында қызықты деректер мен қызықты сұрақтарды да қамтыған.
200 беттік жинақта біз жеке тұлғаларға көп көңіл бөлдік. Олимпиада ойындарында жоғары биіктерге жеткен спортшылар өз елінің, халқының сүйіктісі ғана емес, сонымен қатар, бейбітшілік пен халықтар достастығының өкілі деп санаймыз, - деп айтты Т. Есентаев.