Астанада шахматтан командалық әлем чемпионаты өтеді
1-6 тамыз аралығында Астанадағы «Конгресс-центр» ғимаратында шахматтан рапид және блиц бойынша командалық әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлады Elorda.info.
Жарысқа 31 мемлекеттен 200-ден астам ойыншы тіркелген. Бұл қатарда Магнус Карлсен, Хоу Ифань, Цзюй Вэньцзюнь, Дин Лижэнь, Александра Костенюк, Ян Непомнящий, Нодирбек Абдусатторов, Ян-Кшиштоф Дуда, Прагнанандха Рамешбабу, Винсент Кеймер, Катерина Лагно және еліміздің үздік шахматшылары бар.
Чемпионаттың ашылуы алдында ФИДЕ-нің 100 жылдығына арналған 45-ші шахмат Олимпиадасының салтанатты алау эстафетасы өтеді. Эстафета 1 тамызда сағат 19:00-де Мемлекеттік рәміздері алаңынан (Қабанбай батыр даңғылы, 3/1) Амфитеатрға дейін (Тұран даңғылы, 2/6) өтеді.
Эстафетаға әлемнің үздік шахматшылары, қазақстандық спортшылар мен қайраткерлер қатысады.
-->