Астанада шахматтан Гиннес рекордын жаңартуға арналған турнир өтті
Халықаралық шахмат күніне орай еліміздің барлық өңірінде бір мезетте шахматтан жарыс өтті, деп хабарлады Elorda.info.
1966 жылдан бастап жыл сайын 20 шілдеде ФИДЕ «Gens una sumus» (лат. «Біз бір отбасымыз») ұранымен өтетін Халықаралық шахмат күні атап өтіледі.
Ал биыл ФИДЕ 100 жылдығын тойлап жатқанда бұл күн мүлдем ерекше тойланды. ФИДЕ 24 сағат ішінде ойналған шахмат ойындарының ең көп саны үшін Гиннестің рекордтар кітабына ену мақсатын қойды.
FIDE100 Guinness World Records Attempt-ке Қазақстандық шахмат әуесқойлары да қатысады. Қазақстан шахмат федерациясының және қалалық әкімдіктердің қолдауымен барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда шахмат үстелінде бір уақытта кемінде екі мың адам отырады.
Айтулы шарадан Астана қаласы да тыс қалмады. Raddison қонақ үйінде 128 шахматшы 11 турдан тұратын блиц сайысынан сынға түсті.
Елорда төріне тек қана отандық шахматшылар ғана емес, сонымен қатар Швейцария, Ресей, Беларусь, Израиль, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен де арнайы келді.
KazChessFest турнирінің кепілдендірілген жүлде қоры 2 миллион теңгені құрап, 1 орын – 500 000 теңге, 2 орын – 300 000 теңге, 3 орын – 200 000 теңге және қалған сомалар әр түрлі номинациялар бойынша жеңімпаздар арасында бөлінеді.
-->Халықаралық шахмат күніне орай еліміздің барлық өңірінде бір мезетте шахматтан жарыс өтті, деп хабарлады Elorda.info.
1966 жылдан бастап жыл сайын 20 шілдеде ФИДЕ «Gens una sumus» (лат. «Біз бір отбасымыз») ұранымен өтетін Халықаралық шахмат күні атап өтіледі.
Ал биыл ФИДЕ 100 жылдығын тойлап жатқанда бұл күн мүлдем ерекше тойланды. ФИДЕ 24 сағат ішінде ойналған шахмат ойындарының ең көп саны үшін Гиннестің рекордтар кітабына ену мақсатын қойды.
FIDE100 Guinness World Records Attempt-ке Қазақстандық шахмат әуесқойлары да қатысады. Қазақстан шахмат федерациясының және қалалық әкімдіктердің қолдауымен барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда шахмат үстелінде бір уақытта кемінде екі мың адам отырады.
Айтулы шарадан Астана қаласы да тыс қалмады. Raddison қонақ үйінде 128 шахматшы 11 турдан тұратын блиц сайысынан сынға түсті.
«Шахмат тек қана ойын ғана емес. Ол баланың интеллектуалдық дамуына үлкен септігін тигізеді. Себебі, шахматқа келген барлық бала кәсіби түрде айналысып кетпейді. Болашақта бұл спорт өмірінде шешім шығаруға көмектесетіні сөзсіз. Шахмат елімізде бүгін немесе кеше ғана дамыған жоқ. Бұрыннан бері жүйелі жолға қойылған. Әлемде Қазақстанның өзіндік орны да бар. Мысалы, 2023 жылы әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионатында құрамамыз күміс жүлде алды. Биыл Қазыбек Нөгербек ұзақ уақыттан кейін 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы атанды. Бүгінгі шара да шахмат спортының дамуына, танылуына үлкен үлес қосады деп сенемін», — деді Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Александр Бабенко.
Елорда төріне тек қана отандық шахматшылар ғана емес, сонымен қатар Швейцария, Ресей, Беларусь, Израиль, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен де арнайы келді.
«Көп жарыстар классикадан өтетіндіктен, блиц сайысында сынға түсу де өзгеше. Бұл жерде кезінде бірге жаттыққан достарымды көріп, қуанып жатырмын. Әрине, жеңімпаз болғым келеді. Бірақ бастысы — көңіл-күй», — деп Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Меруерт Камалиденова өз әсерімен бөлісті.