Астанада садақ атудан Гран-при турнирі өтеді
30 қазан мен 4 қараша аралығында Астанада садақ атудан халықаралық Гран-при турнирі өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Осымен төртінші рет ұйымдастырылатын додаға Қазақстан мен алыс-жақын шетелдерден спортшылар қатысады.
Дәстүрлі бәсеке садақ ату спортының кеңінен таралуына үлкен үлес қосқан бапкер Светлана Лиді еске алуға арналған.
Сондай-ақ, турнирдің басты мақсаты – балалар, жасөспірімдер мен ересектер арасында садақ ату спортының насихатын арттыру болып саналады.