Астанада «Run for Autism» қайырымдылық жарысында жаңа рекорд орнатылды
Бүгін елордадағы Триатлон паркінде екінші мәрте «Run for Autism» қайырымдылық жарысы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Жарыстың мақсаты – елдегі аутизм мәселесіне қоғамның назарын аудару және елордада бұқаралық спортты дамыту. Себебі, 2000 жылы елімізде 150 баланың ішінен 1 бала аутизмге душар болса, қазіргі таңда 54 баланың ішінен 1 аутизмге душар болған. Сондықтан бұл қазіргі таңда өте өзекті мәселе болып тұр.
Қайырымдылық шарасында 1 км (422 қатысушы), 2,5 км (483 қатысушы), 5 км (865 қатысушы), 10 шақырым қашықтықтар (564 адам) қамтылып, жалпы саны 2 334 адам қатысты. Салыстырмалы түрде 2023 жылы 1 100 ғана әуесқой спортшы бақ сынаған еді. Жүгірісті қолдауға қала тұрғындарынан бөлек, Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, бокстан Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен 5 шақырымда арнайы қатысты.
Іс-шара аясында ересектерден бөлек, 5-14 жастағы балалар арасында «Көңілді старт» өтіп, командалық ойындарға қатысты.
Шара соңында әр қашықтықтар бойынша жеңімпаздар медаль мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
-->

«Аутизммен ауыратын балаларды «жаңбыр балалары» деп бекер айтпаған. Өйткені аутизмге ұшырағандардың арасында өте талантты жандар да жетерлік. Бүгінгі ауа-райы да соны растап тұр. Run of Autism жүгірісі елімізде екінші рет ғана ұйымдастырылып жатса да, қоғам арасында қолдаушылардың саны ұлғайып келеді. Оның бір дәлелі, биылғы шарамызға былтырғыдан қарағанда 2 есе көп қатысушы бас қосты. Тек елордамызда ғана емес, өзге 14 қалада да бір сәтте онлайн жүгіретіндер бар. Бұның бәрі тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстанатынын және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдайтынын дәлелдейді.
Шараның басты ерекшелігі — жүгірістен түскен қаражат балабақшаларда инклюзивті кабинеттердің ашылуына жұмсалмақ. Себебі, бала ерте кезден бастап емделсе қоғамға тез кірігіп, жазылу ықтималдығы жоғарлайды.
Мемлекеттің дамуы тек ІЖӨ-нің жоғарлығы жағынан ғана емес, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандарға деген қарым-қатынасқа да тікелей байланысты. Осы шара да инклюзивті қоғамды қалыптастыруға үлкен септігін тигізеді деп сенемін», — деді Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Іс-шара аясында ересектерден бөлек, 5-14 жастағы балалар арасында «Көңілді старт» өтіп, командалық ойындарға қатысты.
«2024 жылы Астана қаласындағы жүгірістердің арасында ең көп қатысушы дәл осы Run of Autism-да тіркелді. Әрине, мағынамен жүгірген жақсы. Бірақ 2,5, 5, 10 шақырымға жүгірген әуесқой спортшылардың барлығы бір жолда жүгіріп, кедергісін келтірді. Алдағы уақытта ұйымдастырушылар осы жайтты ескерсе екен деймін» — деп 10 шақырымға жүгірген Дәурен атты қатысушы өз ойын білдірді.
Шара соңында әр қашықтықтар бойынша жеңімпаздар медаль мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.