Спорт

Астанада Pink Run жарысы өтеді

Әлемде «Қызғылт қазан» деген атпен белгілі сүт безі обырына қарсы күрес айы аясында Астанада Pink Run жарысы өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік-спорттық іс-шара 19 қазан күні таңғы сағат 9:00-де басталады. Жарысқа Қазақстанның түрлі өңірінен келген онколог дәрігерлер ғана емес, олардың пациенттері, сондай-ақ бей-жай қарамайтын азаматтар да қатысады. Қатысушыларға кез келген адам тегін қосыла алады.

Жүгіру қашықтығы – 1,3 км және 3,9 км. Бастапқы пакеттерді беру сағат 8:00-де басталады. Жарыс аяқталғаннан кейін жеңімпаздарды марапаттау және лотерея ұтыс ойыны өтеді.

Іс-шараның мақсаты – сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу мен ерте диагностикалаудың маңыздылығы туралы қоғамдық хабардарлықты арттыру. Pink Run жүгіру – бұл жай ғана спорттық іс-шара емес, үміт, күш пен бірліктің символы және қоғамның назарын тұрақты медициналық тексерулердің қажеттілігіне аудару мүмкіндігі.

Жарыс Астана әкімдігі мен іс-шараның демеушілерінің қолдауымен ұйымдастырылады.