Астанада парахоккейден әлем чемпионаты аяқталды
Астанада парахоккейден әлем чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлады Elorda.info.
Елімізде алғаш рет өткен әлем чемпионатына 6 команда қатысты.
Финляндия, Словакия, Швеция, Ұлыбритания, Жапония және Қазақстан құрамалары өнер көрсетті.
Қазақстан ұлттық құрамасының кеңесшісі Николай Шаршуковтың айтуынша, ойын барысында Қазақстан құрамасы В дивизиондық орнын сақтай отыра, әлемдік деңгейдегі доданы сәтті аяқтады.
Чемпионаттың соңғы ойынында еліміздің спортшылары Ұлыбритания командасын 4:3 есебімен жеңіп, турнирдің жалпы рейтингінде төртінші орынға тұрақтады.
Жарыстың нәтижесі бойынша Жапония мен Словакия құрама командалары А-pool парахоккейден әлем чемпионатына қатысуға жолдама алды.
-->Елімізде алғаш рет өткен әлем чемпионатына 6 команда қатысты.
Финляндия, Словакия, Швеция, Ұлыбритания, Жапония және Қазақстан құрамалары өнер көрсетті.
Қазақстан ұлттық құрамасының кеңесшісі Николай Шаршуковтың айтуынша, ойын барысында Қазақстан құрамасы В дивизиондық орнын сақтай отыра, әлемдік деңгейдегі доданы сәтті аяқтады.
Кез келген жарыста әр команда жеңіске жетуге ұмтылады. Оның үстіне 2021 жылы ғана құрылған команда бір жыл ішінде С дивизионында 2-орын алды.
Ойыншылар осы қарқынмен жоғарғы лигаға үмітті болды. Дегенмен жарыс барысы Қазақстанның лайықты деңгейін көрсетті. Алдағы уақыттағы жоспарымыз 2024 жылы В дивизионының кезекті ойындары өтеді.
Әзірге біздің мақсатымыз – әлем чемпионатына тыңғылықты дайындалып, биылғыға қарағанда жақсы нәтиже көрсету, - дейді Николай Шаршуков.