Спорт

Астанада марафоннан ел біріншілігі ұйымдастырылады

13 қазан күні Астанада марафоннан ел чемпионаты өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Турнир Astana City Marathon жаппай жүгіру жарысы аясында өтеді.

Ел біріншілігіне қатысушылар 10 шақырымға жарысудан өзара мықтыларды анықтайды. 

Бәсекеге Қазақстанның үздік атлеттері қатысады.