Спорт

Астанада Конституция күніне орай асық атудан жарыс өтті

Астана қаласындағы «Aspan» спорт кешенінде Конситиуциясы күніне орай асық атудан және бес асықтан ересектер және жастар арасында қалалық ашық кубогы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Жарысқа елорда мен Ақмола, Павлодар облыстарынан келген сегіз команда қатысты. Ұлдар бес табаннан өзара мықтыны анықтаса, қыздар жағы бес асықтан сайысқа түсті.

Жаттықтырушылардың айтуынша, қазір асыққа қызығатын бала да, үлкендер жағы да көбеюде. Мәселен, бұған дейін мұндай жарыс тек қала бойынша өтіп келсе, биылдан бастап екі өңір қосылып, аймақтық деңгейге көтерілген.

Жарыстың қорытындысы бойынша асық ату спорт түрінен VI ұлттық спорт фестиваліне «Астана» командасы тікелей жолдама алды. Команда құрамында Мырзамұрат Қайыпбеков, Есен Жұмағұлов, Сапаралы Серікбаев.

Ал бес асық бөлімі бойынша 1-орынды «Аспан» командасы Камила Даниярова, Әмина Шайхина, Айдана Дәуітбек ие болып, фестивальге жолдама алды.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

-->

Асық атуға жалынды жастар да, алпысты алқымдаған ағалар да қатысып жатыр. Жарыстың мақсаты қазақ спортын дәріптеумен қатар, еліміздің басты мейрамы Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін жастарымызға дұрысынан түсіндіріп насихаттау. Сонымен қатар бүгінгі жеңімпаздар Астана төрінде өтетін Ұлттық спорт түрлерінен VI фестиваліне қатысуға жолдама алады. Бұл фестиваль еліміздегі барлық өңірдің ұлттық спорттағы әлеуеті мен даму деңгейі анықталатын төртжылдықтың басты жарысы болып табылады, - дейді асық атудан аға жаттықтырушы Ескендір Рахметов.