Спорт

Астанада конкурдан әлем кубогының кезеңі өтеді

30 мамыр мен 1 маусым аралығында Астанадағы «Арғымақ» ат спорттық сауықтыру кешенінде ат спорты бойынша халықаралық жарыстар өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Федерация баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан астанасы конкур бойынша Еуразиялық лиганың Әлем кубогы кезеңін және атпен мәнерлеп жүру бойынша халықаралық турнирді қабылдайды.

Ат спорты халықаралық федерациясы (FEI) аясында өтетін бұл жарыстарға жақын және алыс шет елдердің ұлттық құрамалары қатысады.

Астанада шамамен 60 спортшы өнер көрсетеді деп күтілуде. Олар үш күн бойы конкур және түрлі деңгейдегі атпен мәнерлеп жүру сайыстарында өз шеберліктерін көрсетеді.

Әлем кубогының кезеңін Астанада өткізу – отандық спортшыларға халықаралық аренада өздерін танытуға мүмкіндік береді. Мұндай деңгейдегі жарыстар қазақстандық атлеттердің шеберлігін шыңдап, халықаралық турнирлерге іріктеу жолдамаларына таласуға жағдай жасайды.