Спорт

Астанада конкурдан Қазақстан чемпионаты өтеді

Елорданың «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде Тәуелсіздік күніне орай конкурдан Қазақстан чемпионаты өтеді. Астана қаласының тұрғындары мен қатысушылары керемет қойылымдарға шақырылады, деп хабарлады Elorda.info.

Бағы мен бабы келіскен сымбаты мен сыны, жүрісі мен жылдамдығы үйлескен сәйгүліктер сайыстың төрт бағдары бойынша сынға түседі. 

Жарыс 15 желтоқсан күні сағат 10:00-де басталады.

Турнирдің жалпы жүлде қоры 12 миллион теңгені құрайды.

Іс-шараны қала әкімдігінің қолдауымен Астананың ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясы ұйымдастырады.

Көрермен үшін кіру тегін.

-->