Астанада көркем гимнастикадан халықаралық жарыс басталды
Астанада екінші мәрте көркем гимнастикадан «Жарқыраған жұлдыздар» атты халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Көркем гимнастикадан 2010-2018 жылдары өмірге келген жас спортшылардың арасындағы екі күндік бәсеке басталды.
Сайысқа жерлестерімізден бөлек, Жапония, Оңтүстік Корея, Вьетнам, Өзбекстан, Ресей сынды мемлекеттерден де жүлдеге таласып жатыр.
Жарыс барысында қатысушыларға разрядтық нормаларды орындауға мүмкіндік беріледі.
Айта кетейік, былтырғы турнирде сәтті өнер көрсеткен Эрика Жайлауова биыл әлем чемпионатында 19-орын, Азия ойындарында командалық бәсекеде күміс жүлдемен оралды.
Қанат БАЙҰЗАҚОВ
-->Көркем гимнастикадан 2010-2018 жылдары өмірге келген жас спортшылардың арасындағы екі күндік бәсеке басталды.
Сайысқа жерлестерімізден бөлек, Жапония, Оңтүстік Корея, Вьетнам, Өзбекстан, Ресей сынды мемлекеттерден де жүлдеге таласып жатыр.
Қазіргі таңда Астанада жасөспірімдердің көркем гимнастикаға деген қызығушылығы жоғары. Бұл спорт түрінде әлемдік деңгейдегі белесті бағындырып жүрген қыздарымыз жетерлік.
Жуырда Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ХІХ жазғы Азия ойындарында көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы күміс жүлдегер атанған болатын. Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен Астана қаласының үздік гимнасшыларының бірі – Эрика Жайлауова бар. Осындай үздік нәтижелерді көрсетіп келе жатқан қала спортшыларын мақтанышпен айта аламыз.
Бүгінгі турнир алдымен жас гимнасшылардың бұғанасының қатаюымен қатар, шетелдік спортшылармен өзара күш сынасып, тәжірибе алмасуына мүмкіндік алады, - деді жарыстың ашылу салтанатында Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев.