Астанада батуттағы гимнастикадан ел чемпионаты өтеді
Астанада батуттағы гимнастикадан Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Турнир 22-28 тамыз аралығында ұйымдастырылады.
Аталған жарыста батуттағы секіру, акробатикалық жолақ және минитрамп секілді жаттығулар бойынша медальдар сарапқа салынады.
Айта кетейік, финалдық кезеңдер 25 тамыздан басталады.