Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Астанада 4-10 шілде аралығында жастар, жасөспірімдер және қыздар арасында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді. Азияның 25 елінен келген 300-ден астам жас спортшының басын қосқан жарыс Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінің аренасында ұйымдастырылады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл беделді құрлықтық чемпионатқа Өзбекстан, Қытай, Үндістан, Вьетнам, Тайланд, Оңтүстік Корея, Кувейт және басқа да елдердің өкілдері қатысады. Ең үлкен құрам – Қазақстаннан. Ел намысын 36 спортшы қорғайды.
17-20 жас аралығындағы жас атлеттер ауыр атлетиканың классикалық жаттығулары – жұлқи және серпе көтеру түрінен бақ сынасады. Жеңімпаздар жекелеген жаттығуларда да, қос сайыстың жалпы қорытындысы бойынша да анықталады.
Жарыстың ашылу салтанаты Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде 4 шілде күні сағат 17.00-де өтеді. Көрермендер үшін кіру тегін.
Айта кетейік, Қазақстан ауыр атлетикадан ірі халықаралық жарысқа соңғы рет 2014 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында қатысқан болатын. Астанадағы Азия чемпионаты – қазақстандық ауыр атлетиканың жаңа кезеңінің бастамасы. Бұл – отандық спорттағы жүйелі өзгерістердің нәтижесі.
Жаңалықтарды Қазақстан ауыр атлетика федерациясының ресми әлеуметтік желідегі парақшаларынан бақылай аласыз: Instagram: @wf_rk; TikTok: @wf_rk.