Спорт

Астанада «Aulafit» жобасы кезекті маусымын аяқтады

Бүгін «Көктал» тұрғын алабындағы көпқабатты үйдің футбол алаңында «Aulafit» жобасының маусымдық жабылу рәсімі өтті деп, хабарлады Elorda.info

Жобаның жабылу салтанатына бокстан Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев пен Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев қатысты. 

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асқан жоба жаз бойы қала тұрғындары үшін тегін түрде өтті. 

Тәжірибелі жаттықтырушылардың жетекшілігімен аптасына үш рет қаланың 10 ауласын  қамтыды. 

Атап айтсақ, 

1) Н.Тілендиев даңғылы, 36;

2) Е 430 көшесі – «Табысты» тұрғын үй кешені;

3) Ш.Айтматов, 36 – «Жағалау» тұрғын үй кешені;

4) Әнет баба көшесі, 11 – «Манхэттэн» тұрғын үй кешені;

5) Түркістан көшесі, 10 – «Көркем 2» тұрғын үй кешені;

6) Сауран көшесі, 5 – «Градкомплекс» тұрғын-үй кешені;

7) Қ.Рысқұлбеков көшесі, 16 – «Алма» сквері; 

8) Күйші Дина көшесі, 31 – «Мирас» тұрғын үй кешені;

9) Пушкин көшесі, 15 Б – «Қытай қорғаны» тұрғын үй кешені;

10) Абай даңғылы, 63 – «Тараз» тұрғын үй кешені.

Даңқты қазақ боксшысы Серік Сәпиев алдымен «Көктал» тұрғын алабының тұрғындарын Конституция күнімен құттықтап, болашақ чемпиондар осындай ауладан шығатынын, жастарды саламатты өмір салтын ұстануға, спортпен айналысуға шақырды.

Айта кетейік, «Aulafit» жобасы алғаш рет 2020 жылы құрылып, сол жылдың мамыр айынан бастап iске қосылған. Жоба қатысушылары футбол, шахмат, стрит воркаут, баскетбол, балалар фитнесі бойынша жаттыға алады. Қатысам деушiлердiң жасына шектеу жоқ. 

Шара соңында тұрғын алап балалары Лондон Олимпиадасының жеңімпазымен бірге естелік суретке түсіп, қолтаңбасын алды. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Aulafit» жобасы бұнымен жұмысын аяқтамайды. Алдағы қыс мезгілінде аулаларға мұз құйылып, коньки, шаңғы, скандинавиялық жүріс сияқты спорт түрлері бойынша тегін үйірмелер ашылуы жоспарлануда. 

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

-->

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа арнаған Жолдауында «Халықтың спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалуы қажет» деген болатын. Халқымыз ежелден денсаулықтың қадірін жете түсініп, оны басты байлыққа балаған. Осы қағиданы берік ұстанған мемлекетіміз ел халқының ойы сергек, дені сау болуы үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасап жатыр.

Бүгінгі таңда қала тұрғындарының 37,26 пайызы дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысады. Бұл көрсеткіш жыл сайын өсе түсуде. Елордада қала халқын бұқаралық спорт шараларына тарту, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ туризмді дамыту бойынша осындай түрлі жобалар іске қосылып, ел игілігі үшін барлық жағдай жасалуда. Қазіргі уақытта Астана қаласынан бастауын алған бұл жоба еліміздің өзге өңірлерінде де сәтті жүзеге асырылып жатыр, - деді басқарма басшысы Самат Жылқыбаев. 