Астанада аула командалары арасында футбол турнирі өтті
Астанада аула командалары арасындағы «Дені саудың – жаны сау» атты шағын футбол турнирі мәресіне жетті, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен жарыстың ұйымдастырушысы Полиция департаментінің Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы болды. Жарысқа 25 аула командасы қатысты.
Жасөспірімдер арасындағы футбол турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімінде Астана қаласы ПД Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының өкілі Ғалия Қымбатқызы жарысқа қатысушыларды жеңістерімен құттықтап, денсаулықтың жақсы болуы, зиянды әдеттерден аулақ болудың бірден-бір жолы спортпен айналысу екенін атап өтті.
«Дені саудың – жаны сау» футбол турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
Жасөспірімдер арасында:
1-орын – №64 мектеп-лицейдің аула командасы;
2-орын – №71 мектеп-лицейдің аула командасы;
3-орын – №7 мектеп-гимназия және №74 мектеп-гимназияның аула командалары.
Ересек жасөспірімдар арасындағы жарыста №88 мектеп-лицейдің аула командасы топ жарды.
Жүлдегер атанған командаларға дипломдар, медальдар және кубоктар табыс етілді. Сондай-ақ бірнеше қатысушы түрлі номинациялар бойынша арнайы сыйлықтармен марапатталды.
-->Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен жарыстың ұйымдастырушысы Полиция департаментінің Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы болды. Жарысқа 25 аула командасы қатысты.
Жасөспірімдер арасындағы футбол турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімінде Астана қаласы ПД Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының өкілі Ғалия Қымбатқызы жарысқа қатысушыларды жеңістерімен құттықтап, денсаулықтың жақсы болуы, зиянды әдеттерден аулақ болудың бірден-бір жолы спортпен айналысу екенін атап өтті.
Осындай жарыстардың жиі өткені жасөспірімдердің бос уақытын пайдалы әрі тиімді өткізуге ықпал етеді. Негізі чемпиондар осындай аулалық спорттан шығады деп ойлаймын. Қазіргі кезде есірткіге құмарлық деген проблеманың бар екені жасырын емес. Ал бүгінгі жарысты ұйымдастырушылар есірткі қылмысымен күрес жүргізетін мекеме болғандықтан, олардың қоғамның кеселімен спорт арқылы күрес жүргізіп отырғанына алғыс айтамыз. Ал жарыс туралы айтсам, өзім бастап келген мектептің аулалық командасы ересек балалар арасындағы турнирде жеңімпаз атанды, - дейді Астана қаласының Қадыр Мырза Әлі атындағы №88 мектеп-лицейдің дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Қайрат Қошанов.
«Дені саудың – жаны сау» футбол турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
Жасөспірімдер арасында:
1-орын – №64 мектеп-лицейдің аула командасы;
2-орын – №71 мектеп-лицейдің аула командасы;
3-орын – №7 мектеп-гимназия және №74 мектеп-гимназияның аула командалары.
Ересек жасөспірімдар арасындағы жарыста №88 мектеп-лицейдің аула командасы топ жарды.
Жарыс өте қызық өтті. Командалардың осалы болған жоқ. Шын мықтылар жеңіске жетті деп ойлаймын. Өзім турнирдің бомбардирі болдым. Осындай жарыстар жиі болып тұрса деп тілеймін, - дейді №64 мектеп-лицейдің 8-сынып оқушысы, турнирдің ең үздік сұрмергені Нұрасыл Марат.
Жүлдегер атанған командаларға дипломдар, медальдар және кубоктар табыс етілді. Сондай-ақ бірнеше қатысушы түрлі номинациялар бойынша арнайы сыйлықтармен марапатталды.