Астанада алғаш рет парахоккейден әлем чемпионаты өтеді
Астанада 6-11 қазан аралығында парахоккейден әлем чемпионаты (B-Pool) өтеді, деп хабарлады Elorda.info.
Байрақты бәсекеге Финляндия, Словакия, Швеция, Ұлыбритания, Жапония және Қазақстан қатысады.
Жарыста алғашқы екі орынды иеленген командалар 2024 жылы өтетін парахоккейден «А-Pool» әлем чемпионатына жолдама алады.
Айта кетсек, әлем чемпионаты Астана қаласы Тұран даңғылы, 5/1 орналасқан «Тарлан» мұз айдынында өтеді.
Шараның ресми ашылу салтанаты 6 қазан сағат 10.00-де өтеді.
-->Байрақты бәсекеге Финляндия, Словакия, Швеция, Ұлыбритания, Жапония және Қазақстан қатысады.
Жарыста алғашқы екі орынды иеленген командалар 2024 жылы өтетін парахоккейден «А-Pool» әлем чемпионатына жолдама алады.
Парахоккейден ұлттық құрама 2022 жылы Тайландта өткен «С-Pool» әлем чемпионатында екінші орын алып, «B-Pool» жарыстарына жолдама алды. Міне енді «B-Pool» әлем чемпионаты елордамызда өтеді. Бұл халыақаралық спорт қауымдастығының елімізге артқан сенімі деп білеміз. Осы жарысты лайықты деңгейде өткізуге басты серіктестеріміз Sport Qory, «Самұрық-Қазына» АҚ, Ұлттық Паралимпиада комитеті, Астана қаласы Спорт және дене шыңықтыру басқармасы үлкен көмек көрсетуде. Бірігіп әлем чемпионатын жоғары деңгейде өткіземіз деп сенемін, - деді парахоккейден Қазақстан федерациясының бас хатшысы Қайрат Сабиров.
Айта кетсек, әлем чемпионаты Астана қаласы Тұран даңғылы, 5/1 орналасқан «Тарлан» мұз айдынында өтеді.
Шараның ресми ашылу салтанаты 6 қазан сағат 10.00-де өтеді.