ASTANA HALF 2023 жартылай марафоны өтті (ФОТО)
Астана қаласының әкімдігі мен Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен 11 жылдан бері дәстүрге айналған Астана жартылай марафоны өтті, деп хабарлады Elorda.info.
EXPO халықаралық көрмесінен бастауын алған жартылай марафонға 2000-ға жуық спортшы қатысты. Жарысқа қатысушылар тек Астанадан ғана емес, сонымен қатар Ұлыбритания, Нидерланды, АҚШ, Польша, Ресей, Украина мен еліміздің 30 шақты қаласынан бақ сынады.
Жарыстың ашылу салтанатын Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаев ашты:
Астана жартылай марафоны таңғы 7:00-де 21,1 шақырым қашықтыққа жүгірумен басталды.
7:10-да 5 шақырым қашықтыққа жүгіретіндер жарысты бастады. Нәтижесінде ерлер арасындағы бәсекеде Алматыдан келген Алексей Гусарев 15 минут 4 секундпен жеңімпаз атанды. Ал қыздар бәсекесінде 19 жастағы Астана спортшысы Ева Пинчук — 17 минут 50 секундпен топ жарды. Жеңімпаздар 45 мың теңге ақшалай сыйақымен марапатталды.
Жарыстың толық нәтижесін astana21k.com сайтынан білуге болады.
Жарыстың ерекше қатысушысы ретінде 32 жастағы Семей қаласының тумасы Зауреш Сағындыкованы айтуға болады. 6 айлығынан бері ДЦП ауруына шалдыққан ол 2021 жылдан бері Астана марафонына тұрақты түрде қатысып келеді. Зауреш 2021, 2022 жылдары 10 шақырымға жүгіріп, қашықтықты 1 сағат 40 минутта бағындырған. Бүгін Astana Half Marathon-да 5 шақырымға жүгіріп, 50 минутта жүгіріп өтті. Зауреш ДЦП ауруына шалдықса да, спорт арқылы кедергілерді бұзатынын айтады.
21,1 шақырым қашықтықта 18-39 жас аралығында ерлер арасындағы бәсекеде Астана тұрғыны Әлімжан Балтабек жеңімпаз атанды.
1-орын: Әлімжан Балтабек — 1 сағат 9 минут 51 секунд;
2-орын: Константин Баранов — 1 сағат, 10 минут, 33 секунд;
3-орын: Грегорий Пикмейер — 1 сағат 11 минут, 11 секунд.
Жартылай марафонда АҚШ-тан келген Грегорий Пикмейер де жұбайымен жүгіріп, қола жүлдегер атанды.
21,1 шақырымға жүгіргендердің арасында 18-39 жастар санатында қыздар бәсекесінде Талдықорғанның тумасы Гүлжанат Жанатбек жеңімпаз атанды.
1-орын. Гүлжанат Жанатбек — 1 сағат 11 минут 57 секунд;
2-орын. Надежда Бекмагамбетова — 1 сағат, 22 минут, 14 секунд;
3-орын. Гүлнұр Елемесова — 1 сағат 22 минут, 42 секунд.
Өзге жас аралығындағы жеңімпаздар 50 мың, 75 мың, 100 мың теңге ақшалай жүлдемен, Орлов моншасына жолдама және медальмен марапатталды.
Қанат БАЙҰЗАҚОВ
-->Астана қаласының әкімдігі мен Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен 11 жылдан бері дәстүрге айналған Астана жартылай марафоны өтті, деп хабарлады Elorda.info.
EXPO халықаралық көрмесінен бастауын алған жартылай марафонға 2000-ға жуық спортшы қатысты. Жарысқа қатысушылар тек Астанадан ғана емес, сонымен қатар Ұлыбритания, Нидерланды, АҚШ, Польша, Ресей, Украина мен еліміздің 30 шақты қаласынан бақ сынады.
Жарыстың ашылу салтанатын Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаев ашты:
Astana half 2023 жартылай марафоны – қыс мезгілінен кейін жаппай жүгіруде өзіңізді сынаудың алғашқы мүмкіндіктерінің бірі. Желаяқтарға 21,1 км және 5 км қашықтық ұсынылады. Бұл жаңадан бастаушылар үшін тамаша бастама, ал тәжірибелі спортшылар үшін – биыл 3 қыркүйекте өтетін Astana Marathon 2023-те 42,2 км марафондық жарысқа дайындық.
Қаламызда марафонға қатысушылардың қатары жылдан-жылға артып келе жатыр. Бүгінгі жарыс – бұқаралық спортты дамытудағы үлкен қадам.
Бүгінгі жексенбінің таңында ұйымдастырылған шараға қатысуға белсенділік танытқандарыңызға алғысымды айтамын. Жүгіруді дағдыға айналдырған тұрғындарымыздың саны арта берсін! Межеге жеңіл жетулеріңізге сәттілік тілеймін!
Астана жартылай марафоны таңғы 7:00-де 21,1 шақырым қашықтыққа жүгірумен басталды.
7:10-да 5 шақырым қашықтыққа жүгіретіндер жарысты бастады. Нәтижесінде ерлер арасындағы бәсекеде Алматыдан келген Алексей Гусарев 15 минут 4 секундпен жеңімпаз атанды. Ал қыздар бәсекесінде 19 жастағы Астана спортшысы Ева Пинчук — 17 минут 50 секундпен топ жарды. Жеңімпаздар 45 мың теңге ақшалай сыйақымен марапатталды.
Жарыстың толық нәтижесін astana21k.com сайтынан білуге болады.
Жарыстың ерекше қатысушысы ретінде 32 жастағы Семей қаласының тумасы Зауреш Сағындыкованы айтуға болады. 6 айлығынан бері ДЦП ауруына шалдыққан ол 2021 жылдан бері Астана марафонына тұрақты түрде қатысып келеді. Зауреш 2021, 2022 жылдары 10 шақырымға жүгіріп, қашықтықты 1 сағат 40 минутта бағындырған. Бүгін Astana Half Marathon-да 5 шақырымға жүгіріп, 50 минутта жүгіріп өтті. Зауреш ДЦП ауруына шалдықса да, спорт арқылы кедергілерді бұзатынын айтады.
Жүгіру — қиын. Бірақ үйде тығылып отырғаннан гөрі салауатты өмір салтын ұстанып, белсенді болуға тырысамын. Тек спортта ғана емес, өмірде де SMM, сату өнерлерін меңгеріп, табыс табамын, - дейді ол.
21,1 шақырым қашықтықта 18-39 жас аралығында ерлер арасындағы бәсекеде Астана тұрғыны Әлімжан Балтабек жеңімпаз атанды.
1-орын: Әлімжан Балтабек — 1 сағат 9 минут 51 секунд;
2-орын: Константин Баранов — 1 сағат, 10 минут, 33 секунд;
3-орын: Грегорий Пикмейер — 1 сағат 11 минут, 11 секунд.
Жартылай марафонда АҚШ-тан келген Грегорий Пикмейер де жұбайымен жүгіріп, қола жүлдегер атанды.
2 жылдан бері Астанада тұрамыз. Осы жердегі АҚШ елшілігінде жұмыс істейміз. Жүгірумен бұрыннан бері айналысып келеміз. АҚШ-та атақты Бостон марафонында, Оңтүстік Африка Республикасында сонау 1921 жылдан бері бастауын алған 90 шақырымға созылатын Comrade марафонында, Аустралияда, Грекия еліндегі жарыстарда өнер көрсеттік. Енді Қазақстанға келгелі 2022 жылы Бурабайда, биыл сәуір айында Астанадағы Run of Autism марафонына қатысқанбыз. Бүгін Astana Half марафонында жүлдегерлер қатарынан көріну бақыты бұйырды. Бұнымен тоқтап қалмаймыз! Барлығыңызды спортпен айналысуға шақырамын! - деп Грегорий өзінің пікірін білдірді.