Спорт

Асланбек Шымбергенов әлем чемпионы атанды

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында 71 келіде өнер көрсеткен 29 жастағы Асланбек Шымбергенов ел қоржынына 3-ші алтынды сыйлады, деп хабарлады Elorda.info. 

Жерлесіміз өзбек боксшысы Саимджамшид Джафаровпен кездесіп, тартысты жекпе-жекте 5:0 есебімен басым түсті. 

2 жыл бұрын Сербияда өткен әлем чемпионатында Асланбек Шымбергенов ширек финалда әлем чемпионы атанған Юрий Захаревтан 2:3 есебімен жеңіліп, жүлдеден тыс қалып еді. 

Айта кетейік, әзірше Қазақстан құрамасы 3 алтын, 1 күміс жүлде алып тұр.

-->