Спорт

Аса ауыр салмақтағы боксшыларымыз жеңіске жете ала ма?

Кәсіпқой бокстан алдағы демалыс күндері екі отандық боксшымыз жұдырықтасады деп, хабарлады Elorda.info.

 Нұрсұлтан Аманжолов (5-0, 4 KO) —  Лазизбек Муллажонов (3-0, 3 КО)  Екі боксшы 6 раундтық айқасқа шығады.

— 30 жастағы Нұрсұлтан Аманжолов Қарақалпақстанда дүниеге келген. 17 жасында боксқа бет бұрып, Тараз қаласына қоныс аударды. Нұрлан Ақүрпековтің жетекшілігімен 2017 жылы аса ауыр салмақта Қазақстан чемпионы атанған. «Astana Arlan» сапында 4 жекпе-жек өткізіп, үшеуінде жеңіске (Алиевтен жеңілген айқасында төрешілер нокаутты есептемеді) жетті. 

2019 жылы кәсіпқой боксқа ауысты. Әлемнің ең атақты спортшысы Энтони Джошуамен (26-3, 23 KO) бірге жаттыққан. Қазір  WBA, WBO, IBF, IBO және The Ring тұжырымдары  бойынша аса ауыр салмақта әлем чемпионы Александр Усикпен (20-0, 13 KO) спарринг өткізіп жүр. Салмағы — 125 келі. 

— 24 жастағы Лазизбек Муллажонов биыл Ташкентте өткен әлем чемпионатында 92 келі салмақта өнер көрсетіп, қола жүлдеге ие болды. Былтыр +92 келі салмақта Қамшыбек Қоңқабаевты жеңіп, Азия чемпионы атанған. Сондай-ақ, 2022 жылы «Странджа кубогында» Нұрлан Сапарбайдан басым түскен. 

Бұл жекпе-жекті сенбі күні түнгі 22:00-де Qazsport каналы тікелей эфирде көрсетеді. 

Тағы бір қызықты жекпе-жек отандасымыз Жан Кособуцкий (19-0, 19 KO) мен  Эфе Аджагба (17-1, 13 KO) арасында өтеді. 

Бұл екі мықты 10 раундтық жекпе-жекте күш сынайды.   

Букмекерлік кеңселер қос боксшының жеңіске деген мүмкіндігін тең деп, бағалайды. 

34 жастағы Жан Кособуцкий — 3 дүркін Қазақстан чемпионы. 

Шілде айында америкалық боксшымен шығуы керек еді. Бірақ виза мәселесіне байланысты жекпе-жек өтпеді. 

Айқастың жеңімпазы британдық Энтони Джошуамен кездесуі мүмкін.

29 жастағы Эфе Аджагба — әуесқой бокста Африка ойындарының жеңімпазы. 2016 жылы Рио Олимпиадасына қатысып, 1/4 финалда отандасымыз Иван Дычкодан жеңілді.

Кәсіпқой бокста 2021 жылы Куба өкілінен ұпай санымен есе жіберген.

-->