Спорт

Қарулы күштер қызметкері армрестлингтен әлем чемпионы атанды (ВИДЕО)

Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Арнайы операциялар күштерінің өкілі Сандуғаш Сейдіш армрестлингтен әлем чемпионы атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жарыс Болгарияның Албена қаласында өтті.

Қазақстандық спортшы 50 келіге дейінгі салмақта бірінші орынды иеленді.

Чемпионның айтуынша, оның мұндай жетістікке жетуіне қарқынды жаттығулар мен Арнайы операциялар күштері қолбасшылығының қолдауы маңызды рөл атқарған.