Спорт

Армия спортшылары таеквондодан Азия чемпиондары атанды

Индонезияда өткен таеквондодан Азия құрлығының ашық біріншілігінде ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының өкілдері екі алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Турнирге 22 елден 300-ден астам спортшы қатысты. 

63 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Самирхон Абабакиров пен 87 келіде өнер көрсеткен Қабан Бейбарыс алтыннан алқа тақты. 

ҚР Қарулы күштерінің қызметшісі Жарас Әлімжанов (63 келі) күміс жүлдегер атанса, қола жүлдені енді бір әскер спортшысы Бауыржан Хасенов (87 келіден астам) иеленді.

Айта кетейік, жалпыкомандалық есепте Қазақстан ұлттық құрамасы Пәкістан командасынан кейін екінші орынға жайғасты.