Арман Чилманов: Бейжің Олимпиадасындағы жүлденің кездейсоқ еместігін дәлелдедім
Осыдан 15 жыл бұрын, 2008 жылы 8 тамыз күні сағат 8-ден 8 минут кеткенде, Бейжің Олимпиадасының ашылу салтанаты өтті. Ерекше уақытта ұйымдастырылған аталмыш додада Қазақстанға таэквондодан тарихтағы алғашқы және әзірге соңғы қола жүлдені Арман Чилманов әперуін сәттілік деп санағандар көп болды. Осы орайда Elorda.info тілшісі Арман Чилмановтан пікір алуды жөн көрді.
1991 жылы Қазақстанда таэквондо федерациясының негізін қалаған Мұстафа Өзтүрік еді.
Тәуелсіздікпен бірге дамыған таэквондо спортынан ең алғаш еліміздің атынан 2004 жылы +80 келі салмақта алғашқы әлем чемпионатының қола жүлдегері (1999 жыл) Әділхан Сағындықов сынға түсті. Ол алғашқы айналымда әлем чемпионы, Азия чемпионы Мун Дэ-Сонмен жолығып, 2:7 есебімен жеңілді. Жарыс ережесі бойынша, егер сені жеңген қарсылас финалға шықса, қола жүлдеге таласуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде жерлесіміз алғашқы жұбаныш жекпе-жегінде 2 дүркін Еуропа чемпионы, әлем чемпионатының 3 дүркін жүлдегері Джон Гарсиямен (Испания) 5:5 есебімен тең түссе де, төрешілер белсенділігі үшін жеңісті берді. Ал келесі айқаста Иордания спортшысымен де 2:2 есебімен тең түсті. Бірақ төрешілер осы жолы жеңісті қарсыласқа берді.
2008 жылы Бейжің Олимпиадасында +80 келі салмақта әлем чемпионатының қола жүлдегері (2007 жыл), 24 жастағы Арман Чилманов өнер көрсетті.
1/8 финал. Александрос Николаидис (Грекия) – 2 дүркін Олимпиаданың күміс жүлдегері 3:4
Жұбаныш жекпе-жегі
Абделькадер Зрури (Марокко) – 2 дүркін әлем чемпионатының жүлдегері. Жарақатына байланысты жарысты жалғастыра алмады.
Марокко спортшысы алғашқы айқасында Венесуэла спортшысын бетінен теуіп, нокаутпен жеңген еді. Осы әдісті ол Арман Чилмановқа да жасамақшы болды. Дегенмен, бірінші раундта Абделькадер Зруридың бар күшімен тепкен аяғы Арманға тимей, ауа қармап қалды. Салдарынан, жарақат алып, жарыспен қоштасты.
Қола жүлде үшін талас
Анхель Матос (Куба) – Сидней Олимпиадасының жеңімпазы. Жарақатына байланысты жарысты жалғастыра алмады.
Куба спортшысы жерлесімізді екінші раундта 3:2 есебімен жеңіп жатты. Соңғы секундтарда Анхель Матостың аяғы Арманның тізесіне тиіп, жарақат алады. Ереже бойынша, спортшының ем-домына 1 минут уақыт беріледі. Егер үлгермесе, автоматты түрде жеңіледі. Анхель Матос үлгермеді... Ресми жеңісті Арманға берген сәтте, кубалық таэквондошы төрешінің бетінен тепті. Салдарынан өмір бойынан спорттан шеттетілді.
- Сіз әлем чемпионатында, Бейжің Олимпиадасында қола жүлде алуыңызды құрамаға Оңтүстік Корея маманының келуімен байланыстырасыз. Қазір шетелдік мамандар жұмыс істемей ме?
Арман Чилманов спорттан кеткелі Қазақстан құрамасынан 74 келідегі Қайрат Сарымсақов қана әлем чемпионатында 2 мәрте қола жүлде (2017, 2019) алған.
- Бейжің Олимпиадасында жүлде алатыныңызға сенімді болдыңыз ба?
2016 жылы +80 келі салмақта Руслан Жапаров алғашқы айналымда болашақ Олимпиада чемпионы Радик Исаевтан (Әзербайжан) жеңілді. Бірақ жұбаныш кездесуінде Оңтүстік Корея спортшысына есе жіберген. Токио Олимпиадасында да Руслан ширек финалда Оңтүстік Корея таэквондошысынан жеңілген. Жалпы, Қазақстанның Олимпиада тарихында таэквондодан тек +80 келіде ғана жүлдеге таласатын бірнеше мүмкіндіктер болған.
- Олимпиадаға дейінгі және Олимпиададан кейінгі Арман қаншалықты өзгерді?
- Спорт сіздің өміріңізге қаншалықты пайдасын тигізді?
- Сұхбатыңызға рақмет!
Сұхбаттасқан Қанат БАЙҰЗАҚОВ
-->1991 жылы Қазақстанда таэквондо федерациясының негізін қалаған Мұстафа Өзтүрік еді.

Негізгі 3 раундта 3:3 есебімен тең түстік. Қосымша 4 раундта кім бірінші ұпай алады, сол жеңіске жетеді деген ереже болды. Екеуміз бірдей тепкенімізбен, ұпайды грек спортшысына берді.
Егер қарсыласым финалға шықса, қола жүлдеге таласатынымды білдім. Бірақ менің жеребемде 2007 жылы әлем чемпионы атанған Мали спортшысы болды. Сондықтан, мен үшін жарыс бітті деп санадым. Алайда Мали спортшысы ширек финалда сенсациялық жеңіліске ұшырады. Нәтижесінде мені жеңген Александрос Николаидис финалға шығып кетті.
Жұбаныш жекпе-жегі
Абделькадер Зрури (Марокко) – 2 дүркін әлем чемпионатының жүлдегері. Жарақатына байланысты жарысты жалғастыра алмады.
Марокко спортшысы алғашқы айқасында Венесуэла спортшысын бетінен теуіп, нокаутпен жеңген еді. Осы әдісті ол Арман Чилмановқа да жасамақшы болды. Дегенмен, бірінші раундта Абделькадер Зруридың бар күшімен тепкен аяғы Арманға тимей, ауа қармап қалды. Салдарынан, жарақат алып, жарыспен қоштасты.
Қола жүлде үшін талас
Анхель Матос (Куба) – Сидней Олимпиадасының жеңімпазы. Жарақатына байланысты жарысты жалғастыра алмады.
Куба спортшысы жерлесімізді екінші раундта 3:2 есебімен жеңіп жатты. Соңғы секундтарда Анхель Матостың аяғы Арманның тізесіне тиіп, жарақат алады. Ереже бойынша, спортшының ем-домына 1 минут уақыт беріледі. Егер үлгермесе, автоматты түрде жеңіледі. Анхель Матос үлгермеді... Ресми жеңісті Арманға берген сәтте, кубалық таэквондошы төрешінің бетінен тепті. Салдарынан өмір бойынан спорттан шеттетілді.
Кубалық спортшыны жеңуімді көптеген адамдар «жолы болып кетті» деп айтады. Бірақ 2007 жылы әлем чемпионатының ¼ финалында Анхель Матосты 1:0 есебімен жеңгенімді біле бермейді.
- Сіз әлем чемпионатында, Бейжің Олимпиадасында қола жүлде алуыңызды құрамаға Оңтүстік Корея маманының келуімен байланыстырасыз. Қазір шетелдік мамандар жұмыс істемей ме?
Қазір де Оңтүстік Корея маманы таэквондо құрамасында істейді. Жетістікке жете алмауымыздың бір себебі, құрамада ауызбіршіліктің жоқтығынан деп ойлаймын. Әйтпесе, спортшылардың жаттығуы үшін барлық мүмкіндіктер жасалған. Осы мәселе шешімін тапса, қайта жеңісті жолға оралатыныма сенемін.
Арман Чилманов спорттан кеткелі Қазақстан құрамасынан 74 келідегі Қайрат Сарымсақов қана әлем чемпионатында 2 мәрте қола жүлде (2017, 2019) алған.
- Бейжің Олимпиадасында жүлде алатыныңызға сенімді болдыңыз ба?
Кез келген спортшы Олимпиадаға тек қатысу үшін барады деп ойламаймын. Әрине, жеңіске жетемін деген ой болды. Бірақ нақты жүлде алатынымды білген жоқпын. Қола жүлде бұйырған сәтімді ұмытпаймын. Дәл сол сәт менің өмірімді өзгертті десем болады.
2016 жылы +80 келі салмақта Руслан Жапаров алғашқы айналымда болашақ Олимпиада чемпионы Радик Исаевтан (Әзербайжан) жеңілді. Бірақ жұбаныш кездесуінде Оңтүстік Корея спортшысына есе жіберген. Токио Олимпиадасында да Руслан ширек финалда Оңтүстік Корея таэквондошысынан жеңілген. Жалпы, Қазақстанның Олимпиада тарихында таэквондодан тек +80 келіде ғана жүлдеге таласатын бірнеше мүмкіндіктер болған.
- Олимпиадаға дейінгі және Олимпиададан кейінгі Арман қаншалықты өзгерді?
Бейжің Олимпиадасындағы қола жүлде психологиялық жағынан оң әсер етті. 2008 жылға дейін әр жарысқа тыңғылықты дайындалып, жүлде алсам, Олимпиададан кейін сәл еркінсіп қалдым. 2009 жылы өткен әлем чемпионатында физикалық дайындығым қатты болмаса да, Олимпиада жүлдегері деген психологияның арқасында қайта қола жүлдеге қол жеткіздім. Тек қола жүлдегер атанып қана қоймадым. Бейжің Олимпиадасындағы жүлдені кездейсоқ еместігін дәлелдедім. Дегенмен, 2012 жылы Лондон Олимпиадасына берер лицензиялық жарыстарда жолым болмады.
- Спорт сіздің өміріңізге қаншалықты пайдасын тигізді?
Жастық шағымдағы айтулы жетістікке жеткенім мені танымал қылды. Танымалдылық өмірдің жеңілдеуіне мүмкіндік берді. Бейжің Олимпиадасындағы қола жүлде өмірімді түбегейлі спортқа бет бұруыма (қазір ҚР таэквондо федерациясының вице-президенті) әсер етті.
- Сұхбатыңызға рақмет!
Сұхбаттасқан Қанат БАЙҰЗАҚОВ