Арайлым Әбенова әлем чемпионы атанды
Самбодан Ереванда өтіп жатқан әлем чемпионатының шешуші күнінде аса ауыр салмақта әйелдер арасында бақ сынаған Арайлым Әбенова топ жарды, деп хабарлады Elorda.info.
Отандасымыз финалда Ресей спортшысы Жанара Кусанованы 6:0 есебімен айқын жеңді.
Осылайша ол қазақ қыздарының арасында тұңғыш рет аса ауыр салмақта жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтеріліп отыр.
Жерлесіміз әлемдік додадағы жарыс жолында
1/4 финал кезеңінде Сидней Си (Филиппин)
1/2 финал. Бланка Продан, (Румыния)
Ақтық финалда Жанара Кусановамен (Ресей) белдесіп айласын асыра алды.
1992 жылдан бері қатысып келе жатқан жерлестеріміз үшін бұл әлем чемпионатындағы 27-ші алтын жүлде.
3 күндік жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс, 5 қоламен жалпы есепте 3-орынға тұрақтады.
-->