Спорт

Арқан тартыс бойынша іріктеу жарыстары өткізіледі

Жарыс II кезеңнен тұрады. I кезең-аймақтық іріктеу жарыстары. Содан кейін аймақтық жарыстардың жеңімпаздары II финалдық кезеңде өнер көрсетеді.

Орталық аймақтың іріктеу жарыстары 13 ақпанда Астана қаласының №7 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спорт кешенінде (Өндіріс 14а) өтеді. Орталық өңірдің турниріне Астана, Алматы, Қарағанды және Ұлытау облыстарының командалары қатыса алады.

Солтүстік өңірдің іріктеу кезеңі 17 ақпанда Көкшетауда «Жеңіл атлетика манежінде» өтеді. Бұл жерде СҚО, Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарының өкілдері бақ сынайды. 

Шығыс өңірінің жарыстары 20 ақпанда Семей қаласының дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде (Дастенова-34) өтеді. Оған ШҚО, Абай, Жетісу облыстары мен Алматы қаласы спортшыларының қатысады. 

Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының командалары Атырауда Батыс өңірлік іріктеу кезеңінде жиналады. Жарыс 24 ақпанда № 5 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорт кешенінде болады (Нұрсая 28а).

28 ақпанда Тараз қаласының олимпиадалық резервті даярлау орталығының спорт кешенінде (Жамбыл даңғылы 16) Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының спортшылары арасында іріктеу турнирі өтеді.

Ал финалдық жарыс 7 наурызда Астанада ұйымдастырылады.

-->