Спорт

Алматыда хоккейден Азия чемпионаты өтеді

Халықаралық хоккей федерациясы (ИИХФ) аясында тарихта тұңғыш рет елімізде хоккейден Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Турнир 6-9 қараша күндері аралығында жоспарланған. Чемпионат Алматыдағы Halyk Arena мұз кешенінде өтпек. 

Қазақстан құрамасының қарсыластары Жапония, Корея және Қытай командалары болады.  

Еске салсақ, хоккейден әйелдер арасындағы Азия чемпионаты 31 қазан мен 3 қараша аралығында Қытай астанасы Бейжіңде өтеді. Чемпионатқа Қазақстан, Жапония, Корея және Қытай елдерінің құрамалары да қатысады.

Айта кетелік, алдағы турнирлер 2025 жылғы 7-14 ақпан аралығында Қытайдың Харбин қаласында өтетін Азия ойындарына дайындық жарыстары болып саналады.