Александр Бублик теннистен Швейцариядағы турнирде топ жарды
Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Швейрацияның Гштаад қаласында өткен топырақты корттағы ATP 250 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Отандасымыз ақтық сында аргентиналық Хуан Мануэль Серундоломен өзара мықтыны анықтады.
2 сағат 7 минутқа созылған бәсекеде Бублик 13 эйспен бірге 14 брейк-пойнттың төртеуін өз еншісіне жазды. Осылайша, 6:4, 4:6, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұл - Александр Бубликтің топырақты корттағы алғашқы финалы.