Қадырбек Ілиясов: Биыл шабандоздар жақсы дайындықпен келетіндігі сөзсіз
Алдағы 6-19 қыркүйек күндері аралығында «Ұлы дала жорығы» атты екінші республикалық марафон-бәйгесі өтеді. Бұл бәсекеде әр өңірдің шабандоздары Астана қаласынан Түркістанға дейінгі 1 300 шақырымға созылған қашықтықты басып өтпек. Осы орайда Elorda.info тілшісі «Ұлы дала жорығында» елорданың намысын қорғайтын капитан Қадырбек Ілиясовпен сұхбаттасты.
Екінші мәрте өткелі отырған үлкен бәйгеге қалай дайындалып жатырсыздар?
Биылғы бәсекеде Астана қаласының намысын қандай шабандоздар қорғайды? Сондай-ақ биылғы жарыста қазақы жабы тұқымын таңдап отыр екенсіздер, оған не себеп болды?
- Алмас Кушпантаев (1995 жылғы, алғаш рет қатысады)
- Рамазан Күзембаев (2003 жылғы, алғаш рет қатысады)
- Ренат Айсұлтан (1999 жылғы, алғаш рет қатысады)
- Бибарыс Итешев (1994 жылғы, екінші рет қатысады. Былтыр Ақтөбе облысының атынан шыққан. Бірнеше аламан бәйгенің жеңімпазы)
- Асылхан Құрманғалиев (1981 жылғы, бірінші рет қатысады)
2022 жылы өткен «Ұлы дала жорығы» сіздер үшін қалай өтіп еді? Қандай қателіктерден сабақ алдыңыздар?
Былтыр соңғы турға дейін Манғыстау және Ақтөбе облысы теңдей жарысты. Басым облыстар жарыстардан шығып қалды. Әр өңірдің тұлпарларында қандай ерекшеліктер бар?
«Ұлы дала жорығына» дейін ұзақ қашықтықты қамтитын жарыстар немесе шабандоздар болды ма?
Биылғы жарыстың былтырғыға қарағанда қандай ерекшеліктері бар?
Сұхбатыңызға рақмет!
Қанат БАЙҰЗАҚОВ
-->Екінші мәрте өткелі отырған үлкен бәйгеге қалай дайындалып жатырсыздар?
Былтыр алғаш рет өткен «Ұлы дала жорығына» қатысып, үлкен тәжірибе жинадық. 2022 жылға дейін бір жорықта 1000 шақырымнан асатын қашықтықты мүлдем бағындырмаған едік. Биыл Астана қаласының намысын қорғау бақыты бұйырды. Қазіргі уақытта оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, 10 атты дайындап жатырмыз.
Биылғы бәсекеде Астана қаласының намысын қандай шабандоздар қорғайды? Сондай-ақ биылғы жарыста қазақы жабы тұқымын таңдап отыр екенсіздер, оған не себеп болды?
- Алмас Кушпантаев (1995 жылғы, алғаш рет қатысады)
- Рамазан Күзембаев (2003 жылғы, алғаш рет қатысады)
- Ренат Айсұлтан (1999 жылғы, алғаш рет қатысады)
- Бибарыс Итешев (1994 жылғы, екінші рет қатысады. Былтыр Ақтөбе облысының атынан шыққан. Бірнеше аламан бәйгенің жеңімпазы)
- Асылхан Құрманғалиев (1981 жылғы, бірінші рет қатысады)
Қазақы жабыны таңдауымыздың басты себебі – алыс қашықтыққа төзімді келеді. Әрі тез қалпына түседі. Қазір бәйгелерде ағылшын т.б. шетелдіктерге басымдық береді. «Ұлы дала жорығында» қазақы жабымен қатысудың арқасында өзіміздің аттарымыздың дәрежесін көтеруге тырысамыз.
2022 жылы өткен «Ұлы дала жорығы» сіздер үшін қалай өтіп еді? Қандай қателіктерден сабақ алдыңыздар?
Былтыр Ақтөбе облысы атынан сынға түсіп, көптеген қателіктерге жол бердік. Өздеріңіз көргендей, Түркістан қаласындаға мәреге барлық 19 команданың төртеуі яғни, Түркістан, Маңғыстау, Жетісу және Жамбыл облыстарының шабандоздары ғана жете алды. Біз шешуші кезеңге 2 тур қалғанда, жарыстан шығуға мәжбүр болдық. Өкінішке қарай, бір тұлпарымыз бетпақ даланың ауа райы мен жеріне дайын болмай, жарақат алды. Әйтпесе, көшбасшы орынға таласып келе жатқан команданың бірі едік.
Қателіктерге тоқталсам. Біріншіден, аттар ұзақ қашықтыққа алғаш рет шапты. Бұған дейін ары кетсе, бәйгеде 25-30 шақырымға ғана шапқан. Салдарынан көпшілігі шыдамады. Кей атбегілер ғана 50 шақырымнан соң, атқа су керектігін білді. Ал су бермегендердің аттары шыдамай, жарыстан шығып қалды. Екіншіден, жолдың қиындығы. Барлық дерлік қатысушылар Астана мен Түркістан арасындағы жолды бірінші рет өтіп, жердің ерекшеліктерін толыққанды білмеді. Кей жылқыларға климаттың өзгеруі де әсер етті. Үшіншіден, аттардың дайындығы. Жарыс ережесіне сәйкес, 1 ат 600 шақырым жүруі керек. Көп жылқының күнделікті дамылсыз жүруіне шыдамы жетпейді. Өйткені бапкерлер бұған дейін оларды алыс қашықтыққа қалай дайындау керектігін білмеді.
Былтыр соңғы турға дейін Манғыстау және Ақтөбе облысы теңдей жарысты. Басым облыстар жарыстардан шығып қалды. Әр өңірдің тұлпарларында қандай ерекшеліктер бар?
Қазақта «Бап шаба ма, бақ шаба ма?» деген сөз бар ғой. Былтыр біз үнемі мініп жүрген, артық майы, жоқ қазан аттармен қатыстық. Ал Маңғыстау облысы ата-бабамыздың сұрыптап кеткен адай тұқымынан жасақталған «Көкмойнақ» командасымен топ жарды. Ағылшынның емес, адай тұқымынан шыққан тұлпарлардың жеңіске жетуі, шыдамдылығы шетелдік төрешілерді таңғалдырды.
Дегенмен биыл алдын ала белгілі бір фаворитті дөп басып айту қиын. Себебі былтырғы тәжірибеден кейін шабандоздар жақсы дайындықпен келетіндігі сөзсіз. Маңғыстау облысы чемпиондық атақтарын қорғауға тырысса, Ақтөбе, Жетісу, Түркістан, ШҚО облыстары да қарап қалмасы анық. Әрбір қарсыласты бағаламай қалмау керек. Барлығын сапар көрсетеді.
«Ұлы дала жорығына» дейін ұзақ қашықтықты қамтитын жарыстар немесе шабандоздар болды ма?
Республикалық жылқылар марафоны өтпес бұрын, жылқыны жақсы көретін мен секілді әуесқойлар whatsapp желісінде топ аштық. 30-40 адамды құрайтын тобымыз көктем, күз мезгілдерінде қазақтың киелі жерлері, ата-бабамыздың қоныстанған мекендеріне тур-саяхат жасап жүрдік.
Биылғы жарыстың былтырғыға қарағанда қандай ерекшеліктері бар?
Былтыр әр облыстың қатысушылары түске дейін 50 шақырымды еңсеріп, 2 сағат демалатын еді. Артынша жарысты жалғастырып кететін. Биыл барлық қатысушылардың 50 шақырымды аяқтауын күту керек. Түстен кейін шабандоздар жарысты қайта бірге бастайды. Екіншіден, биыл алғаш рет Ақмола облысының намысын 4 қыз қорғайды. Үшіншіден, алғашқы және шешуші кезеңде қатысушылар былтырғыдай 100 шақырым емес, 50 шақырымды еңсереді. Барлық қатысушы командаларға еліміздің рухани астанасы – Түркістанға аман-есен жетуімізді тілеймін!
Сұхбатыңызға рақмет!
Қанат БАЙҰЗАҚОВ