Спорт

Аңсар Тұрсынбек Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Ауыр атлетикадан Астанадағы жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты жалғасуда, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бүгін Қазақстан ерлер құрамасының атынан Аңсар Тұрсынбек өнер көрсетті.

Отандасымыз 94 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.

Аңсар қоссайыстың қорытындысы бойынша 326 (144+182) келіні көтеріп, жасөспірімдер арасындағы бәсекеде күміс жүлдеге ие болды.

Бірінші орынды оңтүстіккореялық Инхок Ким иеленді – 334 (151+183) келі. Үшінші орынға Өзбекстан өкілі Хусонбай Халмуратов жайғасты – 324 (152+172) келі.