«90+1»: Қазақ футболы туралы алғашқы фильмнің тұсаукесері өтті
Астанада «90+1» атты көркем фильмнің жабық көрсетілімі өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Кинокартинаның режиссері – «Қазақша бизнес», «Әкім» секілді жобалармен танылған Тимур Дулатов. Басты рөлдерді Қуаныш Керімқұлов, Алмат Сақатов және Артур Асқарұлы сомдады. Фильмде футболды жақсы көретін жігіттің арманы мен өмір жолында кездескен қиындықтары туралы баяндалады. Туынды шытырман оқиғаларға толы.
Жоба Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен түсірілді.
«90+1» фильмі – жастар мен жасөспірімдерге арналған мотивациялық туынды. Фильмнің басты идеясы – қандай жағдай болмасын арманнан бас тартпау.
Айта кетейік, «90+1» фильмі 24 сәуірден бастап Қазақстанның барлық өңірінде прокатқа шығады.