Спорт

Елена Рыбакина Майамидегі турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Майамиде (АҚШ) өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлады Elorda.info.

Ширек финалда отандасымыз италиялық Мартина Тревисанды 6:3, 6:0 есебімен жеңді.

Рыбакина жартылай финалда Д.Пегула (АҚШ) – А.Потапова (Ресей) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, Майамиде өтіп жатқан WTA-1000 турнирі 2 сәуірге дейін жалғасады, жарыстың жалпы жүлде қоры – 8 800 000 доллар.

-->