Астанада Қазақстан мен Дания матчына қосымша автобустар қатынайды
Футболдан Қазақстан мен Дания матчынан кейін жанкүйерлер үшін қосымша автобустар қатынайды, деп хабарлады Elorda.info.
Матчтың басталуы – 19:00-де. Жол жүру құны – 90 теңге, төлем көлік картасымен немесе QR-код сканерлеу арқылы жүзеге асырылады. Жеңілдігі бар көлік карталары жарамды.
-->Футболдан Қазақстан мен Дания матчынан кейін жанкүйерлер үшін қосымша автобустар қатынайды, деп хабарлады Elorda.info.
26 наурызда Қазақстан мен Дания құрамаларының футбол матчынан кейін жанкүйерлерге ыңғайлы болу үшін қосымша №10, 12, 26, 28, 37, 40, 51, 53, 60, 303 қалалық және қала маңы бағдарлары ұйымдастырылады.
Автобустар жанкүйерлерді матчтан кейін аялдамаларда күтеді, – делінген CTS компаниясының хабарламасында.
Матчтың басталуы – 19:00-де. Жол жүру құны – 90 теңге, төлем көлік картасымен немесе QR-код сканерлеу арқылы жүзеге асырылады. Жеңілдігі бар көлік карталары жарамды.