Спорт

Жанқош Тұраров бүгін жекпе-жекке шығады

Бүгін Алматыда өтетін бокс кешінде қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (26-0, 19 КО) жекпе-жекке шығады, деп хабарлады Elorda.info

Sports.kz сайтының жазуынша, ол жартылай орта салмақтағы IBO чемпиондық атағы үшін мексикалық Алехандро Менесеспен (16-5, 9 КО) жұдырықтасады. Қазір бұл белбеу мексикалық боксшыға тиесілі.

Барлығы он екі жекпе-жек жоспарланған. «Хабар» телеарнасының тікелей көрсетілімі Астана уақытымен 20:00-де басталады.

Айта кетейік, Жанқош Тұраров бұған дейінгі жекпе-жегін қараша айында Алматыда өткізіп, венесуэлалық боксшы Луис Энрике Ромероны (11-6-1, 7 КО) жетінші раундта нокаутқа түсіріп, жартылай орта салмақтағы IBO Inter-Continental тұжырымы бойынша бос тұрған чемпион атағын жеңіп алған болатын.

-->