Щучинск қаласында биатлоннан әлем чемпионатының ашылуы өтті
Щучинск қаласында (Ақмола облысы) жастар мен жасөспірімдер арасында биатлоннан әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Жарысқа әлемнің 38 елінен 500-ден астам спортшы қатысады. Олардың қатарында Швеция, АҚШ, Оңтүстік Корея, Франция, Германия, Норвегия, Аустрия, Жапония, Ұлыбритания және басқалары бар.
Турнирге қатысушылар мен ұйымдастырушыларға ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сәттілік тіледі.
Салтанатты ашылу рәсімі негізгі жарыс алаңына айналған қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының шаңғы-биатлон стадионында өтті.
Биатлоннан жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 4-12 наурыз аралығында өтеді. Оған Қазақстан атынан 20 спортшы қатысады.
-->Щучинск қаласында (Ақмола облысы) жастар мен жасөспірімдер арасында биатлоннан әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Жарысқа әлемнің 38 елінен 500-ден астам спортшы қатысады. Олардың қатарында Швеция, АҚШ, Оңтүстік Корея, Франция, Германия, Норвегия, Аустрия, Жапония, Ұлыбритания және басқалары бар.
Турнирге қатысушылар мен ұйымдастырушыларға ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сәттілік тіледі.
Сіздерді биатлоннан жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының ашылуымен құттықтаймын! Қазақстан бұқаралық спортты дамытуға айрықша мән береді. Көптеген спорт нысаны салынып, балаларға арналған үйірмелер ашылып, жас ұрпақтың жан-жақты болып өсуіне барлық мүмкіндік жасалып жатыр. Щучинск қаласында осындай ауқымды іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін Халықаралық биатлоншылар одағының өкілдеріне ризашылығымды білдіремін. Әлем біріншілігінің біздің елде өткізілуі Қазақстанда биатлонды дамытуға тың серпін береді деп сенемін, - делінген Мемлекет басшысының құттықтау хатында.
Салтанатты ашылу рәсімі негізгі жарыс алаңына айналған қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының шаңғы-биатлон стадионында өтті.
Еліміз осындай деңгейдегі биатлон турнирін алғаш рет өткізіп отыр. Бұл әсіресе қазақстандық жас спортшылардың АҚШ-тағы қысқы Универсиададағы және басқа да ірі старттардағы соңғы жетістіктері аясында маңызды. Біздің елде биатлонның болашағы зор және бұл чемпионат азаматтарымыздың тек биатлонға ғана емес, жалпы қысқы спорт түрлеріне қызығушылығын арттыратынына сенімдімін. Біздің басты міндеттеріміздің бірі осы, - деді Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек.
Биатлоннан жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 4-12 наурыз аралығында өтеді. Оған Қазақстан атынан 20 спортшы қатысады.