Биыл қазақстандық параспортшылар халықаралық жарыстарда 187 медаль жеңіп алды
Өткен жылы халықаралық жарыстарда қазақстандық параспортшылар 62 «алтын», 63 «күміс» және 62 «қола» медальдердің жалпы 187-ін жеңіп алды, деп хабарлады Elorda.info.
Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, Қазақстан құрамасының қоржынына ең көп медальды пара пауэрлифтер (51 медаль, 22 алтын), жүзгіштер (42 медаль, 15 алтын) және жеңіл атлеттер (41 медаль, 13 алтын) салған. Біздің пара дзюдошыларымыз (20 медаль, 6 алтын) бен пара таэквондошыларымыз да ерекшеленді (16 медаль, 2 алтын).
Отандық параспортшылар халықаралық марапаттарға ие болған спорт түрлері: волейбол (отырып) (1 алтын медаль), пара шаңғы жарысы және биатлон (8 медаль, 1 алтын), пара үстел теннисі (5 медаль, барлығы қола), пара садақ ату (2 медаль, 1 алтын) және пара каратэ (1 алтын жүлде).
Қазақстандық параспортшылар үшін ең табысты кезең қараша (61 медаль), маусым (35) және қазан (32) айлары болды. Олар жылдың ең ірі турнирлеріне тап келіп, белсенді қатысты. Қараша айында IWAS Дүниежүзілік ойындары өтті – бұл екі жылда бір рет халықаралық арбада отырғандар мен ампутанттар спорт федерациясы өткізетін жарыстар. Оларда Қазақстан 42 медаль жеңіп алды: 11 алтын, 17 күміс және 14 қола.
Маусым айында пауэрлифтингтен Азия мен Океания ашық чемпионаты өтті, онда біздің спортшылар 4 алтын, 8 күміс және 6 қола жүлдеге ие болды. Ал қазан айы осы спорт түрінен әлем чемпионатымен есте қалды. Бұл турнир Қазақстан қоржынына 10 медаль салды.
-->Өткен жылы халықаралық жарыстарда қазақстандық параспортшылар 62 «алтын», 63 «күміс» және 62 «қола» медальдердің жалпы 187-ін жеңіп алды, деп хабарлады Elorda.info.
Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, Қазақстан құрамасының қоржынына ең көп медальды пара пауэрлифтер (51 медаль, 22 алтын), жүзгіштер (42 медаль, 15 алтын) және жеңіл атлеттер (41 медаль, 13 алтын) салған. Біздің пара дзюдошыларымыз (20 медаль, 6 алтын) бен пара таэквондошыларымыз да ерекшеленді (16 медаль, 2 алтын).
Отандық параспортшылар халықаралық марапаттарға ие болған спорт түрлері: волейбол (отырып) (1 алтын медаль), пара шаңғы жарысы және биатлон (8 медаль, 1 алтын), пара үстел теннисі (5 медаль, барлығы қола), пара садақ ату (2 медаль, 1 алтын) және пара каратэ (1 алтын жүлде).
Қазақстандық параспортшылар үшін ең табысты кезең қараша (61 медаль), маусым (35) және қазан (32) айлары болды. Олар жылдың ең ірі турнирлеріне тап келіп, белсенді қатысты. Қараша айында IWAS Дүниежүзілік ойындары өтті – бұл екі жылда бір рет халықаралық арбада отырғандар мен ампутанттар спорт федерациясы өткізетін жарыстар. Оларда Қазақстан 42 медаль жеңіп алды: 11 алтын, 17 күміс және 14 қола.
Маусым айында пауэрлифтингтен Азия мен Океания ашық чемпионаты өтті, онда біздің спортшылар 4 алтын, 8 күміс және 6 қола жүлдеге ие болды. Ал қазан айы осы спорт түрінен әлем чемпионатымен есте қалды. Бұл турнир Қазақстан қоржынына 10 медаль салды.
Қазақстанда параспорт қарқынды дамып келеді, ал спортшыларымыз ірі халықаралық жарыстардың тұғырына үнемі көтеріледі. Әрине, біз мұнымен тоқтамаймыз. Керісінше, параспортқа көбірек көңіл бөлу керек. Әсіресе, Париждегі Паралимпиада қарсаңында дайындықты күшейту керекпіз, - деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек.