Әлемдік Grand Slam додасы «Qazaqstan barysy» атауымен өтеді
2023-2026 жылдары дзюдодан елімізде өтетін беделді әлемдік турнир «Qazaqstan barysy Grand Slam» деген эксклюзивті атауға ие болды, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.
Оқи отырыңыз: Қазақстан дзюдодан Grand Slam өткізуге қалай қол жеткізді
Әлемдік аламан додаға бұл атау қалай таңдалғанын редакция тілшісі Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Жіткеевтен сұраған болатын.
-->2023-2026 жылдары дзюдодан елімізде өтетін беделді әлемдік турнир «Qazaqstan barysy Grand Slam» деген эксклюзивті атауға ие болды, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.
Оқи отырыңыз: Қазақстан дзюдодан Grand Slam өткізуге қалай қол жеткізді
Әлемдік аламан додаға бұл атау қалай таңдалғанын редакция тілшісі Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Жіткеевтен сұраған болатын.
Бұл атауды Қазақстан дзюдо федерациясының басшысы ұсынды. Қазақ күресінен «Qazaqstan barysy» деген атаумен өтетін жарыс бар. Qazaqstan barysy деген атау бүгінде брендке айналды. «Белдесу», «Барыс» деген сияқты атаулардың түрлі реңкке еніп, өзгеруінен шыққан «Qazaqstan barysy» деген бренд атау әлемдік спорт аренасына шығары анық. Бұл атауды ұсынудағы мақсатымыз – қазақ спортын, оның ішінде қазақ дзюдосын әлемдік спорт әлеміне паш ету. IJF біздің бұл идеямызды қолдады, - деді Федерацияның бас хатшысы.