Спорт

Қазақстандық теннисшілер АТР жарыстарының жартылай финалына шыға алмады

Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұптық сында Буэнос-Айрес (Аргентина) АТР 250 турнирінің ширек финалында аргентиналықтар Максимо Гонсалес – Андреас Мольтенимен шеберлік байқасты, деп хабарлады Elorda.info.

Тартысты өткен бәсекеде корт иелері 6:3, 6:7 (7:9), 10:8 есебімен басым түсті.

Өткен аптада Кордобада (Аргентина) өткен додада да Андрей мен Александр осы жұпқа есе жіберген еді.

Тағы бір қазақстандық Александр Бублик пен швейцариялық Стэн Вавринка Роттердам (Нидерланд) ATP 500 турнирінің ширек финалында бельгиялықтар Сандер Жилле – Йоран Флигеннен ұтылды – 4:6, 4:6.

-->