Еліміздің ең үздік бүркітшісі кім
Жастар арасында құсбегілік ұлттық спорт түрінен XIV ел чемпионатында командалық есепте Түркістан облысының құсбегілері 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль қанжығалап, көш бастады. Атырау және Алматы облысының өкілдері екінші және үшінші орынға жайғасты, деп хабарлады Elorda.info құсбегілік федерациясына сілтеме жасап.
-->Жастар арасында құсбегілік ұлттық спорт түрінен XIV ел чемпионатында командалық есепте Түркістан облысының құсбегілері 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль қанжығалап, көш бастады. Атырау және Алматы облысының өкілдері екінші және үшінші орынға жайғасты, деп хабарлады Elorda.info құсбегілік федерациясына сілтеме жасап.
Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен жиналдық. Құсбегілік өнері қазақ халқының ежелден келе жатқан көне дәстүрінің бірі екені рас. Көшпенділер өмірінен берік орын алған бұл өнер түрі бүгінгі таңда жастар арасында да танымал. Жарысқа баптаған бүркітімнің аты – Алабас. Дайындыққа 5-6 айдай уақыт қажет болды. Жалпы, жарыстың ұйымдастырылуы көңілімнен шықты. Қарсыластарым да мықты болды. Мұндай спорттық шаралардың ұлттық дәстүрін дәріптейтін, елін, жерін сүйетін азаматтар тәрбиелеуде маңызы зор деп есептеймін, - деді бүркітшілер арасында чемпион атанған Иманғали Абдулкәрімұлы.