Спорт

Азия біріншілігінің Астанада өтуі елімізде жеңіл атлетиканы дамытуға серпін береді - Тоқаев

Бүгін Астанада Жеңіл атлетикадан Х Азия чемпионатының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Жарыстың ашылу салтанатына Азия жеңіл атлетика қауымдастығының президенті Дахлан Әл-Хамад, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің Әлихан Смайылов, Азия жеңіл атлетика қауымдастығы кеңесінің мүшелері, Азия елдерінің ұлттық федерацияларының басшылары, сондай-ақ еңбек сіңірген спортшылар мен Қазақстанның спорт қайраткерлері қатысты.

Ол сондай-ақ ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жеңіл атлетикадан Х Азия чемпионатының қатысушыларына арнаған құттықтау сөзін оқып берді.

Айта кетейік, бұл жарыс 2023 жылы Азия жеңіл атлетика қауымдастығының күнтізбесіндегі ең маңызды іс-шаралардың бірі болып саналады.

Жабық алаңда жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты ТМД елдерінің аумағында алғаш рет өткізіліп отыр.

Спортшылар жеңіл атлетиканың 26 түрінен өнер көрсетеді, олардың арасында жүгіру, лақтыру, секіру және көпсайыс бар.

-->

Қонақжай қазақ елінің астанасында өткізіліп жатқан халықаралық деңгейдегі іс-шараға қош келдіңіздер. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, елімізде ірі спорт сайысын ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін Азия жеңіл атлетика қауымдастығына және оның президенті Дахлан Әл-Хамадқа алғысымызды білдіреміз. Жанкүйер ретінде еліміздің Ұлттық құрамасы жеңіс тұғырынан көрінеді деген сенімдемін. Барлық спортшыға сайыста сәтті өнер көрсетулеріне тілектеспін. X Азия чемпионатын ашық деп жариялаймын, - деді Әлихан Смайылов жарыстың ашылу салтанатында.

Ол сондай-ақ ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жеңіл атлетикадан Х Азия чемпионатының қатысушыларына арнаған құттықтау сөзін оқып берді.

Құрметті қатысушылар, қонақтар мен жанкүйерлер! Сіздерді жабық алаң ішіндегі Жеңіл атлетикадан Х Азия чемпионатының ашылуымен құттықтаймын. Азияның 31 елінен 500-ден астам спортшы қатысып жатқан байрақты бәсеке еліміз үшін айтулы оқиға. Спорт шекара талғамайды, мемлекеттер мен халықтар достығын нығайтып, жақындастыра түседі. Қазақстан спорт саласына айрықша мән береді. Елімізде азаматтардың кәсіби және бұқаралық спортпен айналысуы үшін барлық жағдай жасалған. Бұл саланың инфрақұрылымын дамытуға көп көңіл бөлінеді. 6 мыңнан астам адам сыятын жеңіл атлетика кешені - осының айқын дәлелі. Қазақстан спортшылары көптеген дүбірлі додада топ жарып, ел абыройын асқақтатып жүр. Олар өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болып, жастарды жарқын жеңістерге бастайды. Азия біріншілігінің Астана төрінде өтуі елімізде жеңіл атлетиканы дамытуға тың серпін береді деп сенемін. Біз осы саладағы халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты нығайта түсеміз. Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін, - делінген ҚР Президентінің құттықтауында.