Спорт

Елена Рыбакина Доха турниріне қатыспайтын болды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина 13-18 ақпанда Катар астанасы Дохада өтетін Qatar Open турниріне қатыспайтын болды. Бұл туралы журналист Реем Абуллель Твиттердегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстандық теннисші қазіргі кезде әлемдік рейтингте 10-орында тұрғанымен, Қатар жарысы одан бұрын жоспарланғандықтан, доданы іріктеу сайысынан бастауы тиіс еді.

Журналист Еленаның: «Өкінішке қарай, Дохаға бармаймын. Келесі жылы оған оралуды асыға күтемін, бұл жолы онда болмаймын. Кестеге сәйкес бұлай саяхаттай беру оңай емес. Мен шынында да Мельбурнда жақсы ойнадым. Сондықтан алдағы аптада жай демалып, келесі турнирге дайындаламын» деген сөзін келтірген.

Қазіргі таңда Е.Рыбакина Әбу-Даби WTA жарысында өнер көрсетуде. Бүгін ол кешкісін әлемнің 14-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.

-->