Спорт

Қазақстанның VI жазғы Спартакиадасын балуандар бастады

Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында еліміздің VI жазғы Спартакиадасы бозкілем шеберлерінің бәсекесімен басталды, деп хабарлады Elorda.info.

Төрт жылда өтетін, ел ішіндегі Олимпиада аталып кеткен жарыс әр спорт түрінен биылғы Қазақстан чемпионатының орнын басады. 

Балуандар додасының ашылуы рәсіміне ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев, пен Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының вице-президенті Владимир Котельников қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. 

Самат Ерғалиев өз сөзінде Спартакиада Ұлттық құраманы күшейтуге мүмкіндік беретін жарыс екенін атап өтіп, жанкүйерлер биыл ірі додаларда балуандардан жақсы нәтиже күтетінін айтты. 

Ашылу рәсімінен кейін грек-рим күресінен 5 салмақтағы жүлдегерлер анықталып жатыр. Қалған 5 салмақтағы жеңімпаз бен жүлдегерлер ертең анықталады. Жалпы күрестен 3 қала мен 17 облыстан 650-ге тарта спортшы жиналды. 

Оның ішінде Астана қаласының бұрымды қыздары мен балуандары қатысуда. Атап айтар болсақ, әйелдер күресі бойынша 6 салмақ (50, 55, 59, 68, 72, 76) дәрежесінде Анкичева Светлана, Кузнецова Дина, Каюмова Диана, Тисина Эмма, Еркебаева Гулмарал және апалы-сіңілі Мадина мен Жамила Бақбергеновалар боз кілемде сыңға түседі. 

Ал, еркін күрестен ерлер құрамасы сапында өнер көрсететін жерлестеріміз Окенов Абзал, Аманжолов Ильяс, Бегжанұлы Нұрбек, Досжанов Санжар, Бекжанов Нұрлан, Сүлейменов Мейрамбек, Омуржанов Азамат, Сейт Уалихан,  Зен Бейбарыс, Қыдырбай Әлібек, Нұрғайпұлы Нұрғали, Экажев Рустам, Үркімбай Бекзат, Аубакиров Адиль және ең ауыр салмақтағы Машрапхан Касым. Олар 9 салмақ (57, 65, 70 , 74, 79, 86, 92, 97, 125)  дәрежесінде бақтарын сынайтын болады. 

Грек-рим күресі бойынша Астана қаласының спортшылары 7 салмақ (55, 60, 63, 67, 72, 77, 87) дәрежесінде өзара мықтыны анықтайды. Құрама сапында Мукашев Марлан, Ерболатов Әділет, Ысқақ Қуаныш, Мухамадиев Асаухат, Қызыров Нұрбек, Сабаз Бағдат, Абаев Изновр, Маулитканов Мерей, Амантурдиев Сабыржан, Қайролла Темірлан, Кустубаев Азамат және Сайлау Мақсат. 

Күрес түрлерінен Спартакиада 8 ақпанда аяқталады. 

Балуандар сайысын Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

-->

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спорт саласына көп көңіл бөліп келеді. Бүгінгі бәсеке соның бір көрінісі. Осы жарысты жоғары деңгейде өткізіп жатқан Алматы қаласының әкімдігі мен федерацияға алғыс айтамын. Бұл Спартакиаданың маңызы зор. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Ұлттық құрамаға қосылып, биылғы халықаралық жарысстарда ел намысын қорғайды, -деді комитет төрағасы. 