Қазақстан құрамасы Дэвис кубогіне дайындықты бастады
Теннистен Қазақстан ерлер құрамасы Дэвис кубогінің іріктеу матчына дайындықты бастады, деп хабарлады Elorda.info ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Чили құрамасымен матч Ла Серена қаласында 4-5 ақпан күндері «Ла Трентино» аренасының топырақ төсенішіндегі корттарда өтеді.
Тынық мұхиты жағалауында орналасқан қалаға капитан Юрий Щукин бастаған Қазақстан құрамасы барды.
Александр Бублик, Тимофей Скатов, Михаил Кукушкин, Андрей Голубев және Александр Недовесов жаттығуға кірісті.
Бұл қос елдің арасындағы алғашқы кездесу болмақ. Чили – 1976 жылы Дэвис кубогінің финалисі атанған команда.
Бастапқы жекелей сында екі ойын өтеді. Келесі күні жұптық сында бір, жекелей сында тағы екі кездесу болады.
Жеңімпаз команда Дэвис кубогінің қыркүйекте өтетін финалдық кезеңіне жолдама алады.
-->Теннистен Қазақстан ерлер құрамасы Дэвис кубогінің іріктеу матчына дайындықты бастады, деп хабарлады Elorda.info ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Чили құрамасымен матч Ла Серена қаласында 4-5 ақпан күндері «Ла Трентино» аренасының топырақ төсенішіндегі корттарда өтеді.
Тынық мұхиты жағалауында орналасқан қалаға капитан Юрий Щукин бастаған Қазақстан құрамасы барды.
Александр Бублик, Тимофей Скатов, Михаил Кукушкин, Андрей Голубев және Александр Недовесов жаттығуға кірісті.
Бұл қос елдің арасындағы алғашқы кездесу болмақ. Чили – 1976 жылы Дэвис кубогінің финалисі атанған команда.
Мен мұндай корттарға алаңдамайтын болдым, бұрын топырақ төсенішінде нашар ойнағанымды естен шығардым. Чилиге жақсы көңіл-күймен келдім. Өз елімнің намысын қорғап, жеңу үшін бар күшімізді саламыз, сондықтан мұқият дайындалудамыз, - деді Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бублик.